Жаңа Қазақстан – Дала демократиясының бірегей мұрагері

Image
Бүгін бүкіл ел болып ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауын мұқият тыңдадық. Мемлекет басшысы өз жолдауында көкейтесті көп мәселелерге жауап берді деп ойлаймыз. Елді толғандырған ең өзекті мәселенің бірі – саяси реформа жайы болатын. Жолдауда осы туралы жақсы айтылды. Яғни, бұрынғы қалыптанған жүйедегі абсолютті президенттік билік әлсіреп, Парламенттің беделі едәуір артатын болды.
Парламентке сайланудың пропорцианылды және мажоритарлы түрі қайта жаңғыратын болды. Бұл нәрсе саяси өмірге жан бітіріп, белсенді қозғалысқа түсуге себепші болады.
Одан кейінгі тағы бір үлкен мәселе әкімшілік құрылымдық өзгерістер туралы деуге болады. Атап айтқанда 3 бірдей жаңа облыс құрылатын болды. Олар: Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары. Абай облысының орталығы – Семей, Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған, Жетісу облысының орталығы – Қапшағай қаласы болатыны айтылды. Оған қоса Президент Қапшағай қаласының атын Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атына беру туралы ұсыныс түссе қолдайтынын айта кетті.
Жаңа Қазақстанды дамытуға құруға оң қадамдар жасалды. Жаңарған Жаңа Тәуелсіз Қазақстан мен үшін бәрінен қымбат деп Президент айтқандай, ол біз үшін де сондай қымбат әрі қадірлі болуы керек.

Ақжол Қалшабек,
М. Әуезов ат. ОҚУ
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
доценті, ф.ғ.к.
Президент Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауын қызығушылықпен тыңдадық. Жолдауда халықтың мұң-мұқтажын шешуге арналған көптеген жақсы игі жаңалықтар айтылды. Еліміздегі сайлауды өткізу, президенттің партия мүшесі болмауы, сенат пен мәжілістегі өкілдіктерді өзгерту, жергілікті жерлерде сайлауды мажоритарлық жүйемен өткізу тағы сол сияқты көптеген ауқымды іс шаралар туралы айтелды.
Ұлттық кеңесті және конститутциялық сот жүйесін құру. Конституцияға осыларға сәйкес 30 жуық өзгерістер енгізу қажеттілігі айтылды. Бұл дегенміз халықпен санасу, халықты еститін мемлекет құрудың игі бастамалары деп есептеймін. Осы жолдау мемлекетімізді халықаралық дәрежеде едәуір көтереді деп есептеймін.

"Су ресурстары, жерге орналастыру
және агротехника" кафедрасының доценті,
т. ғ. к. Ахилбеков Мухат Наршович
Көпшілік әртүрлі бағытта түсініп, жүрген қаңтар оқиғасы туралы "қышқыл" ойлар мен сөздер көбейді.. Оған негіз де болды. "Мал ашуы жан ашуы дейді, халқымыз.....
"Көпте ақыл жоқ, ебін тап та, жөнге сал.."- деген Абай айтқан тәмсілді Президентіміз Қасым-жомарт Тоқаев іске асырды.
Бүгінгі жолдауында жоғарыда айтылған шашыранды ойларға нүкте қойып, анық, ашық түсініктеме берді. Заңдар мен үкімет құрылымына көптеген өзгерістер болатынын айтты. Өте жағымды және ұтымды, елдің ойынан шығатын оң шешімдер болатынына қуанып, Жаңа Қазақстанды елестете бастады..
Әсіресе сайлау туралы заңнамалары, мәслихат шешіміне енген өзгерістер қоғамды алға тартатын, даму жолына салатын дүние. Конституциялық сот институтын құру да адам құқығын сақтауға тиімді орган болады деп сенеміз. Сот тәуелсіздігі мен БАҚ өкілдерінің тәуелсіздігі туралы ойы да елдің күткен арманы.
Президенттің Ұлттық құрылтай құру ойы да демократияның ұлттық формасы секілді.
Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығы болып, тарихи жағдайдың қалпына келуі халқымыздың орасан қуанышына кенелді. Ұлытау облысының құрылуы, орталығының Жезқазған болы да тамаша, рухымызды көтерді. Ұлытау аймағын дамыту. Алматы облысын екіге бөлу мен Қапшағайға Қонаев есімінің берілуін қолдаймын - дегені елдің қуанышын еселеді..
Сын - қатерді ескеріп, әр шешімді сабырмен жасау үшін еліміздің бірлігі керек!.
Өзгерісті әрбіріміз өзімізден бастап, Жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек!

Елибаева Гулмира Исатаевна,
биология ғылымының кандидаты,
Аграрлық факультетінің деканы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құру аясындағы қоғамды демократияландыру үдерістерінің онан әрі жалғасын табуын қарастыратын жаңа, көңілге қонымды, бірқатар бастамалар реті ұсынылды.
Мемлекетті басқару ісінде Президенттің өкілеттілігін қысқартып, оның орнына Парламент өкілеттілігін кеңейту, саяси плюрализмді қалыптастыру мақсатында жаңа партиялардың құрылуына мүмкіндік беру, непотизмге жол берілмеу, Семей қаласына ұлы Абайдың есімін, ал Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаев есімінің берілуі, бірнеше өңірде жаңа облыстардың құрылуы сияқты оң өзгерістер - бұл қазіргі қоғамға аса қажет, еліміздің дамуына үлкен серпін беретін бастамалардың басы деп ойлаймын.

Нуралиева Артық Жарылқасынқызы,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің
мәдени-көпшілік жұмыстары жөніндегі
департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.