«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ ЗАҢДЫЛЫҚ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТ БАҚЫЛАУЫНДА

Image
Image
Image
Image
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі «Заң» факультеті қызметіндегі тәуекелдерді жан-жақты тексеруде. Академиялық күнтізбеге сәйкес білім беру, практика есебін тапсыру, дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғау және т.б. бағыттарда мониторинг жүргізілуде.
«Таза сессия» сауалнамасы нәтижесі бойынша да объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясына ұсыныстар жолданды.
Магистранттарға қатысты Аттестаттау комиссиялары жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Факультет кафедралары профессор-оқытушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, ішкі актілерді түсіндіру бойынша жеке-жеке кездесулер жалғасуда.
Факультет білім алушыларына қатысты Студенттік парламенттің деканат төрағасына, белсенді студенттеріне академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг көктемгі сессияны тапсыру, дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертацияларды қорғау, практикадан өту барысында жалғасын табады.
Факультеттің хабарлама тақтасында 1424, «Сенім телефоны», «Ректор блогы» сияқты кері байланыс арналары орналастырылған.
Сондай-ақ, факультет қызметіндегі ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етуге байланысты Әдеп жөніндегі уәкілге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке тікелей немесе әлеуметтік желі парақшалары арқылы жүгінуге болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.