Комплаенс-қызметін жаңалықтары және дәрістері
БАҚЫЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ ЖӘНЕ КЕЗЕКШІЛЕРІМЕН СЕССИЯ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ
2022 жылдың 13 мамырында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің көктемгі сессиясының бақылау комиссиялары мен кезекшілері қатысуымен сессияға дайындық бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Абишева, Студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры А.Болысбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлпаенс-қызметінің жетекшісі Г.Дулатова сессияның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қосымша «Ректор блогы», «Сенім телефоны», 1424 сияқты кері байланыс арналары хабарланып, Академиялық адалдық ережесі, Ішкі тәртіп ережесі, Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт нормаларын басшылыққа алу ескертілді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз