Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Дамудың жаңа мүмкіндіктері
2018 жылдың ақпан айының 22-жұлдызында Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары тұратын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің №6 жатақанасының акт залында факультеттің оқытушылары мен тыңдаушылары қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу отырысы болды.
Алдыңғы сөзді факультеттің аға тәлімгері Жанбай Анарбек алып, ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының бүгінгі таңдағы өзектілігін айтып, оның маңызын түсіндірді. Факультеттің аға оқытушысы Тургумбаева Ақбота Сейдалықызы биылғы жылғы Дамудың жаңа мүмкіндіктері жағдайында Н.Ә.Назарбаевтың айқындаған 10 нақты міндеттерімен таныстыра отырып, олардың қоғамды дамытудағы және біздің тыңдаушыларымызды оқытудағы қажеттілігін көрсетті. Біздің университетте әртараптандырылған экономикада басымдығы жоғары салалардың мамандарын дайындауда жақсы жағдайлар ұйымдастырылғанын, ал, жаңа технологиялық төңкеріліс жағдайында озық технологиялы бағыттар бойынша, мысалы: робототехника, гендік инженерия, биотехнология, транспорттық логистика мен инфрақұрылым т.б. заманауи саланың жоғарғы деңгейлі маманы дәрежесін алу үшін, тыңдаушыларға мамандық таңдау мен оқуға түсуге дайындық барысында ерекше жауапкершілік талап етілетіні айтылды.
Қорыта келе, Ақбота Сейдалықызы әр тыңдаушыға ҚР Президентінің 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінімен танысып, топтық жиындарда әр міндетті талдап, қоғам дамуында өзіндік үлестерімен азаматтық үн-қосуға шақырды.