Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Елбасы мақаласы талқыланды
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы мен колледж ұжымында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласыталқыланды.
Алғашқы сөзді колледж директоры, т.ғ.д., профессор С.Н. Әлібек алып, мақаланың өзектілігіне кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ ол, Елбасымыздың бүгінгі мақаласынбілім ізденген жас буынға жете түсіндіріп, Еуразия даласындағы ата-бабаларымыздың жаһандық тарихтағы рөлін жас ұрпаққа байыппен жеткізуіміз заман талабы екендігін жеткізді.
Ал, дайындық орталығының аға оқытушысы, философия ғылымдарының РhD докторы Б. Изенбаев, мақаланың 7 қырына жеке-жеке тоқталып өтті.
Тарихшы Қ. Мырзабеков, көшпенділердің әлемдік революция жасағандығын, атап айтқанда сонау сақ дәуірінде жылқы малын алғаш болып қолға үйреткендігін, жаугершілік заманда ең жылдам мініс құралы ретінде пайдаланғандығын, сонымен қатар сақ қоғамының Алтын адам туындысының да ғаламдық сенсация тудырғанын тілге тиек етті.
Колледж оқытушылары М.Мыңбаева мен Н.Досанбай өз баяндамаларында мақаланың Тарихи сананы жаңғырту бөлімін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Университет аға тәлімгері С. Бейсенов ғаламдық жаһандану кезінде ұлт болып қалыптасу үшін негіз болып табылатын мақалаға өз пікірін білдірді.
Жиын соңында колледж директоры С. Әлібек, Мәңгілік Елдің, Ұлы даланың тарихын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұстаз қауымына артылатын жүктің жеңіл еместігін және мақалада қамтылған дүниелерді жүзеге асыру үшін ел болып, ұжым болып атсалысу қажеттігін айтып, өз сөзін сонда ғана төл тарихымызды жаңғырта аламыз деп түйіндеді.