Ұлт рухын ұлықтайтын мақала

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялаған еді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы Президент мақаласының өзегіне үңіле отырып, «Ұлт рухын ұлықтайтын мақала» деп өзіндік ой-пікірін былай білдірді: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы арқылы біз бүгінгі жастың бағындырар белесін бағдарлап, қоғам құндылықтарына деген қызғушылығын оятып, ұлылардан ұлағат алып өскен ұстанымы мықты ұжданды ұрпақты қалыптастырып қана қоймаймыз, олардың рухани танымын да кеңейтіп, тарихтан алар тағылымының да терең болуына септесеміз. Ендеше Мемлекет басшысының бұл мақаласын ел тұрғындарына кеңінен насихаттауға баршамыз да белсене атсалысқанымыз жөн.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.