Шетелдіктер саяхаты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында қазақ тілін  үйреніп жүрген америкалық тыңдаушыларды орталық оқытушылары Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Шымкент қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығына саяхаттатып алып барды.

Шетелдік тыңдаушылар қазақ халқының бірнеше ғасыр бұрынғы қолданған тұрмыстық заттарын көріп, таңырқап та, тамсанып та қарады. Сонымен қатар, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қызыға тыңдап, камзол, сәукеле, үкілі тақия секілді әртүрлі киім-кешектер мен батырлар қолданған қару-жарақтарды көргендегі таңданыстары мен тебіреністерін әңгімелеп берді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.