Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Алғыс айту – адамгершілік белгісі
1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы «Алғыс айту – адамгершілік белгісі» атты іс-шара өткізді. Шетелден келіп дайындық орталығында білім алып жатқан тыңдаушыларымыз әсем ән шырқап, би билеп, күмбірлі күй шертіп, барша оқытушыларға деген ризашылықтарын білдірді. Әсіресе, Пәкістан мемлекетінен келген екі тыңдаушының Қазақстанға келгендегі әсерін айтып, қазақ тілінде оқыған өлеңдері жұртты сүйсіндірді. Сонымен қатар, былтырғы оқу жылында дайындық орталығында тәрбиеленіп, 1-курста оқып жатқан Ергешова Феруза бүгінгі іс-шараға арнайы келіп, оқытушыларға деген алғысын білдіріп, ортада бұралып би биледі. Дайындық орталығы оқытушылары тыңдаушылардың жақсы білім алып, болашақта бір-бір мамандық иелері болуларына тілектестік білдірді.