Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
Талапкерлермен кездесу
14 сәуір М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Ашық есік» күні өтті. Қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің бітіруші түлектері және ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығында білім алып жатқан шетел азаматтары мен қандастарымыз бас ғимаратқа жиналды.
Университетіміздің әр сала мамандары, ғалымдары, үлгілі ұстаздары талапкерлерге барлық мамандықтар жайында толық түсіндіріп, дайындалған бейнероликтерді көрсетті.
Талапкерлер түрлі сұрақтар қойып, түсінбеген тұстарына жауап тапқандықтарына риза болды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз