Ашық есік күні. «Басқару және бизнес» Жоғары мектебі
24.11.2021 ж. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Басқару және бизнес» Жоғары мектебі «Экономика», «Экономикалық теория», «Қаржы» кафедраларының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру бағытындағы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға Кәсіби бағдар беру орталығының директоры М.Ж. Айтуреев., Жоғары мектеп деканы М.Қ. Сейдахметов., сонымен қатар жұмыс беруші серіктестік ұйымдардың өкілдеріде қатысты. Атап айтқанда «Шымкент май» АҚ қаржы директоры А. Мырзахметова., «РВК Банк» АҚ ШФ директоры Э.А. Ахат. Іс-шараға Шымкент қаласының № 1, 2, 3, 6, 7, 9, 10 ,40 ,64 ,65 ,87, 125, 136, 26, 32, 42, 47, 50-ші және М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі., М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің бітірушілері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шарада болашақ түлектердің алдағы ҰБТ бойынша сұрақтарымен кәсіби бейінін анықтауға, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға қатысты түсіндіру мәліметтері берілді.
Мектеп түлектері берілген мәліметтерге қызығушылық танытты.