Қызым үйде - қылығы түзде

2018 жылдың  ақпан  айының 22 күні факультетіміздің «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен №6 жатақханада «Қызым үйде - қылығы түзде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақымақ қыз сөзге ілінер» дегендей, қазақ қызын абыройсыздықтан сақтаумен қатар, қыз тәрбиесіне баса мән берген. Қоғамымыздағы бұл түйткілді мәселе де осынау іс-шараның өтілуіне себеп болып отыр.     

Осы тақырып аясында сөз алған қыздар клубының төрайымы А.Сейтметова  қыздың қылығымен сымбатты екенін айта келе, намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болатындығын алға тартты. Сондай-ақ ол кешегі тәрбие мен бұрынғы тәрбиені салыстыра отырып, қыз балаларды ұлтқа ұят келтіретін жөнсіз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Кездесуге келген жастарға психологиялық көмек көрсету орталығының бас маманы Байырова Айзат Дүйсенбайқызы «Қыз баланың бойындағы өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарының  алдын-алу» атты баяндама оқып, студент жастар  назарына  «Қыз тәрбиесі» атты бейнебаянды тамашалады. 

 Іс-шарадан алған әсерлері  бойынша өз ойларын ортаға салған тыңдаушылар стендтегі ақ қағазға «Менің болашағым» тақырыбында өз пікірлерін жазды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.