Студенттердің бастамасы
Химиялық және мамандандырылған зертханаларда қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті СТУДЕНТТЕРІНІҢ БАСТАМАСЫ
Алғы сөз
Біз, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік өкілдері 2014 жылдың 22 желтоқсанында Шымкент қаласында университет қабырғасында өткен Студенттер кеңесінің отырысына жиналдық.
Университет студенттері атынан біз химиялық және мамандандырылған зертханаларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша келесі бастаманы қабылдадық.
Кіріспе
М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік кеңесі бұл бастаманы студенттердің зертханаларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаудың қажеттілігін түсінудің маңызды қадамы ретінде қарастырады. Бұл бастама химиялық және мамандандырылған зертханаларда зертханалық сабақтарды қарастыратын университеттегі мамандықтардың барлық студенттерімен қабылданады. Бұл бастаманы қабылдау үшін студенттердің зертханаларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын толыққанды түсінбеуі және білім алушыларды қауіпсіздік техникасының талаптарымен таныстыру рәсімін жетілдіру қажеттілігі негіз болды.
Кездесуі мүмкін қауіптер
Біз химиялық және мамандандырылған зертханаларда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің талаптары зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіптілікті төмендетуге бағытталғанын түсінеміз. Қауіп факторлары термиялық және химиялық күйік, улы бумен уланғанда, электр тогымен зақымдануда кездеседі. Біз химиялық немесе мамандандырылған зертханада жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарын білу, түсіну және бұлжытпай орындау өте маңызды екенін түсінеміз. Біз зертханада жұмыс істеу алдында еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан, медициналық тексеруден өту және денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдер болмауы керектігін растаймыз.
Қауіпсіздік талаптары
Біз сақтауға міндеттенеміз:
- жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары:
1. Оқытушымен жұмысты алдын ала жоспарлау;
2. Улы және агрессивті заттармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалануға дайындау;
3. Қолды сабынмен мұқият жуу;
4. Қажетті жабдықтарды, зертханалық ыдыстарды, реактивтерді, аспаптарды, шикізат пен материалдарды жұмысқа дайындау;
5. Желдету жүйесінің жарамдылығына және сору және кептіру шкафының жарамдылығына көз жеткізу;
6. Өрт сөндіру және алғашқы көмек көрсету жеке құралдарының болуын тексеру: медициналық дәрі қобдишасы, өрт сөндіргіш, киіз төсеніш немесе жүн көрпе, құм салынған жәшік;
7. Жабдықтың ақаулығы немесе мүмкін болатын ақаудың кез келген белгілері (түтін, жалын, иіс және т.б.) анықталған жағдайда дереу басшыға хабарлау керек.
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша талаптар:
1. Зертханада жұмыс істеген кезде мақта-матадан тігілген халат кию қажет. Шаштар жиналуы керек;
2. Улы газдар мен шаң бөлінумен байланысты жұмыстарды орындау кезінде тыныс алу органдарын қорғау үшін респираторлар немесе газқағарлар және басқа да қорғаныс құралдарын қолдану керек.;
3. Улы және өткір иісті заттармен жұмыс істеу кезінде қосымша алжапқыштарды, көз бен қолды жеке қорғау құралдарын қолдану қажет.;
4. Қолды қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың, еріткіштердің әсерінен қорғау үшін резеңке қолғаптарды қолдану қажет.;
5. Қолғаптарда тіліктер, тесіктер және басқа да зақымданулар болмауы тиіс. Қолғаптарды ішінен тальк себу керек;
6. Көзді қорғау үшін түрлі түрдегі көзілдірік, қалқанша, бетперде қолдану қажет.
- жұмыс уақытында сақталатын қауіпсіздік талаптары:
1. Зертханада жұмыс істеу кезінде жұмыс орнында тазалық, тыныштық және тәртіпті сақтау;
2. Кез келген заттың дәмін татуға болмайды;
3. Реакция кезінде бөлінетін газдардың иісін анықтау қажет болған жағдайда алақанның жеңіл қозғалысымен ыдыстың аузынан өзіне қарай газ ағынын бағыттап, абайлап дем алу керек;
4. Жұмыс барысында заттардың бет пен қолға түспеуін қадағалау қажет, өйткені көптеген заттар тері мен шырышты қабықтардың тітіркенуін тудырады;
5. Тәжірибелерді таза ыдыста ғана жүргізу керек;
6. Заттар немесе ерітінділер бар сауыттарды бір қолмен мойынынан, ал екіншісін төменнен түбінен ұстап тұру қажет;
7. Ерітінділерді ыдыстардан төккен кезде жапсырманың жоғары жағында тұрғанын қадағалау(жапсырма-алақанға!). Ыдыстың аузында қалған тамшыны сұйықтық құйылатын ыдыстың жоғарғы жағымен төгу керек;
8. Пипетканы пайдалану кезінде сұйықтықты ауызбен тартуға үзілді-кесілді тыйым салынады.;
9. Қатты химиялық реактивтерді тек шпательмен, пинцетпен немесе қасықпен ұстау(қолмен емес!).
10. Қатты сілтілермен жұмыс істеу тек қорғанышты көзілдіріктер мен қолғаптарды пайдаланып жүргізіледі;
11. Сұйықтықтарды химиялық құйғыштар арқылы құйыңыз. Сұйықтықты құятын сауытты оның бүлінуін болдырмау үшін қолға жапсырма жабыстырып ұстау қажет;
12. Сұйық және қатты заттарды қыздыру кезінде пробиркалар мен колбаларда олардың тесіктерін өзіне және көршілеріне бағыттауға болмайды. Химиялық реакцияның нәтижесінде ықтимал зақымдануды болдырмау үшін ашық қыздырылатын ыдыстарға жоғарыдан қарауға болмайды;
13. Улы және иісі бар барлық тәжірибелерді сору шкафында орындау;
14. Ерітінділер мен заттарды қыздыру кезінде пробиркада ұстағышты пайдалану қажет. Пробирканың тесігі өзінен және басқа да жұмыс істеушілердің жағына бағытталмауы тиіс;
15. Қойылтылған қышқылдар мен сілтілерді аздаған үлестермен араластыру кезінде қышқылды (немесе сілтінің қойылтылған ерітіндісін) суға құю;
16. Қауіпті реакция өнімдері сорғыш шкафта тиісті банкаларға ғана құйылады;
17. Электр аспаптарын пайдаланудың барлық ережелерін сақтау қажет.
Аспапты желіге қосар алдында ток өткізгіш сымдардың және жерге қосудың жарамдылығын тексеру керек. Жұмыс кезінде аспапты қараусыз қалдыруға болмайды. Қозғалыстағы аспаптың бөлшектерінен, қосылған электр қозғалтқышының шкивінен және аспаптардың электр өткізгіш бөлшектерінен тыс қолмен ұстауға рұқсат етілмейді. Аспапты жұмыс кезінде майлауға және тазалауға болмайды. Жұмыс аяқталған соң аспапты электр желісінен ажырату қажет. Электр тогымен кездейсоқ зақымданғанда дереу токты ажыратып, дәрігерді шақыру қажет;
18. Жұмыс аяқталғаннан кейін электр қыздырғыш және басқа электр аспаптарын іске қоспау;
19. Зертханалық қалқандарда ашық тұрған сымдарды, сондай-ақ электр қозғалтқыштарындағы, электр жылытқыштардағы және т. б. электр сымдарын ұстауға қатаң тыйым салынады;
20. Бөлшектері бар қондырғыларда жұмыс істегендегі сақтық шаралары: осы бөлшектерге жанаспаңыз және киімнің ілінетін шеттері кірмеуін қадағалаңыз;
21. Барлық туындаған сұрақтармен бірден оқытушыға хабарласыңыз;
22. Раковиналарға қышқылдар мен сілтілердің концентрацияланған ерітінділерін, сондай-ақ әртүрлі органикалық еріткіштерді, қатты иісі бар және отқа қауіпті заттарды төгуге қатаң тыйым салынады. Барлық қалдықтарды сыйымдылығы 3 л кем емес қақпақпен арнайы шыны ыдысқа құю керек (кейіннен залалсыздандыру);
23. Зертханада тамақ ішуге қатаң тыйым салынады.
- жұмыс аяқталғаннан кейінгі сақталатын қауіпсіздік талаптары:
1. Жұмыс орнын ретке келтіру;
2. Жұмсалмаған реактивтерді бұрынғы ыдыстарына қайта құюға, төгуге болмайды;
3. Реактивтердің пайдаланылған ерітінділерін сыйымдылығы 3 л кем емес қақпағы бар арнайы шыны ыдысқа төгу (кейіннен залалсыздандыру және жою);
4. Зертханалық жабдықтарды, сору желдеткішін және басқа электр құралдарын өшіру;
5. Арнайы киімді және жеке қорғау құралдарын шешу;
6. Қолды сабынмен мұқият жуу;
7. Бөлмені мұқият желдетіңіз.
- апаттық жағдайлардағы қауіпсіздіктің талаптары төменде көрсетілген:
1. Сынған зертханалық ыдыс болған жағдайда оның сынықтарын қорғаныш қолғаптарынсыз қолмен жинамау, осы мақсатта щетка мен қалақшаларды пайдалану;
2. Төгілген және шашылған реактивтерді тазалау тиісті химиялық реактивтермен қауіпсіз жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.;
3. Төгілген тез тұтанатын сұйықтықпен және оның жануы болған жағдайда дереу жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлау және өрт ошағын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен, құммен немесе киіз төсенішпен жабу) сөндіруге кірісу;
4. Су беруде үзіліс болған жағдайда барлық шүмектерді жабу қажет. Су резеңке түтіктер бойынша түсетін шүмектерге ерекше назар аудару қажет;
5. Жарақат алған кезде зардап шеккен адамға дереу алғашқы көмек көрсету, бұл туралы ЖОО әкімшілігіне хабарлау, қажет болған жағдайда зардап шеккен адамды жақын жердегі емдеу мекемесіне жіберу;
6. Электр тогымен зақымданған кезде зардап шеккен адамды, ток өткізбейтін зат арқылы сымдардан дереу алыстатып, токты ажырату шараларын қолдану қажет.
7. Егер жұмыс кезінде зертханалық жабдықтың немесе басқа да электр құралдарының ақауы анықталса және олармен жұмыс істейтін адам токтың әлсіз әрекетін сезсе, жұмысты дереу тоқтату керек, ақаулы электр құралдарын токтан ажырату және жөндеуді ұйымдастыру үшін басшыға ақаулық туралы хабарлау керек.
Қорытынды
Біз жоғарыда айтылған қауіпсіздік талаптарының барлық тармақтары бізге түсінікті екенін растаймыз және оқу кезінде және өзіміздің кәсіби әрекетімізде оларды сақтауға және ұстануға міндеттенеміз.