Ғылыми кеңес
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесі
Ғалым хатшы: п.ғ.к., доцент
Нуралиева Артык Жарылкасыновна
Телефон:+7 (7252) 21-19-87, 8-778-945-28-58
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Ғылыми Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жарғысын, сондай-ақ , жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережелерін (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.
Ғылыми Кеңестің отырыстары тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.
Ғылыми Кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау, бітірушілерді сапалы дайындау үшін заңнамалық құрылым әзірлеу, материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту.
Ғылыми Кеңестің құзіретіне:
- университет құрылымын бекіту;
- университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер (институттар) және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
- университеттің даму тұжырымдамасын анықтау;
- университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
- оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызмет атқарудың барлық нысандары мен әдістері туралы жыл сайын ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімше басшыларының есебін тыңдау;
- оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқауларды қарастыру және баспаға ұсыну;
- студенттерді ақылы бөлімнен білім грантына және экстернат нысанында білім алуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
- диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыбы және ғылыми жетекшілері – кеңесшілерін бекіту;
- жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
- университеттің бюджеттен тыс қаржыны пайдалану, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету және өндірілуші өнімді сату арқылы алынатын табыстарын қайта инвестициялау бағыттарын анықтау;
- ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы шәкіртақылар мен сыйақыларды бекіту мен беру;
- университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкімет наградалары мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселені қарастыру;
- алқалы шешімді қажет ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру кіреді