598367-EPP-1-2018-1-SE-EPPKA2-CBHE-JP –STEM «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл»
Бұл вебпарақша Еуропалық Комиссияның қолдауымен шығарылды, бірақ бұл вебпарақша тек авторлардың көзқарасын көрсетеді және Комиссия ондағы ақпаратты пайдалану үшін жауапты болмайды.
2019 жылдың қаңтар айында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «STEM- бағыттағы
оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл» тақырыбындағы Еуропалық жобаның ЖОО бірлестігіне қатысты.
Жобаны жүзеге асыру уақыты: 15.01. 2019 – 14.01.2023 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Болон процесінің ережелері мсен білім саласының (экономикасының) заманауи талаптарына сәйкес STEM мұғалімдерінің дайындық сапасын арттыру.
Жобаны жүзеге асыру жоспары:
- STEM бағыттағы мұғалімдерді оқыту үшін магистрлік бағдарламаны дайындау;
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да аймақтағы мұғалімдерді оқыту мақсатында аймақтық STEM-ресурстық-тренингтік орталығын құру;
- Мұғалімдерді жаңа дағдыларға оқыту.
Күтілетін нәтижелер:
- Магистратураның интеграцияланған оқу жоспары;
- Жаңа/ жаңартылған модульдер мен курстар;
- STEM-нің аймақтық орталығы;
- Оқыту бағдарламалары;
- Негізгі қатысушыларды жаңа дағдыларға оқыту;
- T&L ресурстары.
Ұйымдастырушылық кездесулер (kick off meeting)
2019 жылдың 18 наурызында Линчепинг (Швеция) қаласындағы Линчепинг университеті базасында «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл»+ ЭРАЗМУС жобасына қатысушылардың ұйымдастырушылық кездесуі өткізілді.
Жобаның жетекшісі/ грантты иесі: Линчепинга (Швеция) университеті.
Жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті.
Серіктес университеттер:
- Линчепинга Университеті (Швеция);
- Лимерика Университеті (Ирландия);
- Хаджеттепе Университеті (Турция) ;
- Хельсинки Университеті(Финляндия);
- Оңтүстік Федералдық университеті (Россия)
- И. Кант атындағы Балтық Федералды университеті.
- Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті;
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет.
- С. Аманжолов атындағы Щығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.