Жаңалықтар
«Антиплагиат» жүйесін пайдалану
- Қаралды: 478
2018 жылдың 10 желтоқсанында Білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету орталығы
мен Компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы бірлесіп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Антиплагиат» жүйесін пайдалану туралы семинар өткізді.
Жазбаша жұмыстардың түпнұсқалылығын анықтау үшін университетте StrikePlagiarism.com антиплагиат интернет-жүйесі қолданылады.
StrikePlagiarism.com мәтіндік құжаттарды салыстырудың онлайн құралы болып табылады. StrikePlagiarism.com контент деректер базасына қатысты барлық ұсынылған келесі құжаттарды тексереді: университеттің дерекқоры (мұрағат құжаттары), басқа университеттердің құжаттарының мәліметтер базасы, дүниежүзілік веб-ресурс.
Семинарға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде кафедралардың «Антиплагиат» бағдарламасына жауапты администраторлар мен кафедра меңгерушілері.