Инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін басты міндеттердің бірі - инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.  Инклюзивті  білім беру мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды  қолдау және  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың өзгелермен тең білім алу құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

Қазіргі таңда оқытушы-профессорлар құрамының инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыруы  да уақыт талабынан туындап отырған міндерттердің бірі.   Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі 20.11-30.11.2018ж. мерзімі аралығында «Психология және дефектология» кафедрасымен бірлесе отырып «Инклюзивті және арнайы білім берудің заманауи маңызды мәселелері» және «Логопедиядағы жаңа технологиялар» курстарын ұйымдастырды.

Курсқа арнайы осы саланың білікті маманы, п.ғ.д., профессор, Республикалық  балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) директорының орынбасары Муминова Лола Рахимовна шақырылып, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, оқыту ерекшелігіне сай оқу бағдарламаларын,  оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру және т.б. тақырыптар аясында дәрістер оқылып, мастер-кластар ұйымдастырылды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.