Дүниежүзілік стандарттар күні

2019 жылдың 14 қазанында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер  палатасының облыстық бөлімшесінде   Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК мен бірге ұйымдастырған семинары өтті. Семинарға қала және облыстың  80-нен аса кәсіпорын өкілдері мен М. Әуезов  атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  "Стандарттау және сертификаттау" мамандығының студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісі Тулекбаева Айжамал Конисбаевна баяндама жасап, "Оңтүстік" телеканалына аймақ кәсіпорындары үшін сапаны басқару саласында кадрлар даярлау туралы сұхбат берді. Стандарттаудың ұлттық жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының  меңгерушісі А.Тулекбаеваға Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының атынан грамота табысталды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.