«Медиация – бітімгершілік пен татулық кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

29 қазан 2019 жылы сағат 11:00 де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің  С.Сүлейменов атындағы мәжіліс залында   «Медиация – бітімгершілік пен татулық кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелді  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

Іс - шараның мақсаты - Дөңгелек үстелдің мақсаты: медиаторлардың жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.

Іс-шараның модераторы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі  Есеналиев Асхат Ералыұлы жүргізіп отырды. Іс-шараны кіріспе сөзбен  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы ашып берді. Республикалық қоғамдық бірлестігі медиацияны дамыту орталығы ОҚО бойынша өкілдік директоры Ақшегірова Лаура Мұратқызы, Шымкент қалалық сотының «Ақпараттық қамтамасыз ету»  бөлімінің басшысы Дүйсенби Қабыл Тұрарұлы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.