Жаңалықтар
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ»
- Қаралды: 360
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің «МИРАС» рухани жаңғыру АКАДЕМИЯСЫ (қоғамдық ұйымы)
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
орта білім беретін 9-11 сынып оқушылары,
арнайы орта білім І-ІІ курс және жоғары білім оқу орындарының І курс студенттері арасындағы
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІІІ-ші БАЙҚАУЫ негізінде
3 сәуір 2020 жылы
«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты
Халықаралық мәдени-ағарту форумы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің гуманитарлық, педагогикалық, филологиялық және шығармашылық бағыты бойынша «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы 2020 жылы 3 сәуір орта білім беру 9-11 сынып оқушылары, арнайы білім І-ІІ курс және жоғары білім оқу орындарының І курс студенттері арасында «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты Халықаралық мәдени-ағарту форумы ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІІІ-ші БАЙҚАУЫН өткізеді.
Халықаралық мәдени-ағарту форумының мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру; ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 ж., 30 мамырдағы «Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын мерекелеу туралы» Жарлығын орындау; 2019 ж., 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауындағы Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» I бөліміндегі қойылған міндеттерді орындау; 2020 ж., 9 қаңтардағы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаланы жүзеге асыру.
Халықаралық мәдени-ағарту форумының міндеттері: әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-тарихи процестердегі түркі өркениетінің дамуы; Абай Құнанбайұлының XIX ғасыр далаларындағы қоғамдық қатынастар туралы пікірлері; Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы түркі әлемі, жаңа деректерді талдау және жүйелеу; Ұлы дала мен түркі әлемінің белгілі тарихи тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар тарату; Абай Құнанбайұлының мұрасы, түркі әлемінің кеше және бүгінгі күні; қоғамды модернизациялау, сонымен қатар ХХІ ғасырдағы қазіргі түркі әлемінің өзекті мәселелері; тарих, әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнеріндегі жеке тұлғалар галереясын құру; студенттердің және жас ғалымдардың түркі әлемін зерттеу бойынша перспективті ғылыми зерттеулерін қолдау және ынталандыру; бейнелеу өнері, дизайн, музыка және театр саласындағы мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытудың жаңа бағыттарын талқылау; ұлттық танымал ғылыми кітапханалардың, өлкетану мұражайларының, мұрағат қорларының, қоғам қайраткерлерінің, жастар саясаты бөлімдерінің мамандарын, еріктілерді және білім басқармасының өкілдерін тарту, М.Әуезов атындағы «Абайтану», «Түркітану» орталықтарының жас ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесін жасау.
Халықаралық мәдени-ағарту форумы БАЙҚАУ НЕГІЗІНДЕ 1.Ұлы Абайдың мұрасы; 2.Түркі әлемінің өркениеті кеше және бүгін. атты 2 секция бойынша өткізіледі.
І кезең – 13.01. - 31.03.2020 жылға дейін, форумға қатысу үшін өтініштер мен ғылыми және шығармашылық жобаларды тіркеу, жобаларды іріктеу. Ғылыми-зерттеу немесе шығармашылық жобалар секция жетекшілеріне жіберіледі, жұмыстың сапалығымен дұрыс рәсімделуіне қарай Академияның базалық офисіне жолданады және байқаудың қатысушылар тізіміне еңгізіледі. І іріктеу кезеңнің қатысушыларына, ІІ кезеңге өз жобаларын қорғау үшін хабарлама жіберіледі.
ІІ кезең – жобаларды қорғау 2020 жылы 3 сәуір Ғылыми және шығармашылық жобаларды МИРАС рухани жаңғыру Академиясының жетекшілерінен ұйымдастырылған комиссия қарайды. (өтінімдер мен жобаларды қабылдау, сараптама, шолу, талдау, келесі кезеңге арналған ең жақсы зерттеу жобаларын іріктеу, таңдалған жобалар бойынша халықаралық мәдени-ағарту форумына қатысушылар құрамын қалыптастыру мақсатында).Жобаларды талқылау және комиссияның қорытындысы, СЕРТИФИКАТПЕН, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖИНАҚТАРМЕН, I,II,III дәрежелі-ДИПЛОМДАРМЕН және сыйлықтармен марапатталады. Байқау комиссиясының қорытындылары 4 (гуманитарлық, педагогикалық, филологиялық және шығармашылық) бағыт бойынша 4 (төрт) ҮЗДІК ЖОБА ғана
III кезеңге 2020 жылы 21 мамырда өтетін Халықаралық Ғылыми Конгреске қатысады және өз жобаларын Халықаралық ғылыми конгресс МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫНДА жарияланады.
Жобаларды қабылдау жөнінде барлық сұрақтармен жауаптыға хабарласу үшін: Торгаутова Шолпан Аширалиевна - М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «МИРАС» рухани жаңғыру Академияның жетекшісі. (7252)21-16-37, 8-701-647-15-14. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.