Жаңалықтар
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің кәсіби бағдар беру бойынша ашық есік күні
- Қаралды: 676
21.01.2020 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті Шымкент қаласының мектеп және колледж түлектеріне кәсіби бағдар беру бойынша ашық есік күнін өткізді. Іс шараның қонақтары ретінде қалалық құқық қорғау органдарының өкілдері, ата- аналар, университет түлектері, мектеп және колледж түлектері қатысты. Болашақ талапкерлерге университеттің тарихы, материалдық - техникалық базасы, мамандықтар туралы толық мәліметтер берілді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Қ.Орынтаев, Шымкент қаласы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы қызмет өткеру бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты - Мамыр Ш.Н, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты - Тұрсынбаев Д.Б, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы - Отарбаев Е.Б, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы -Алиев Н.Д. және ата-аналар болашақ талапкерлерге мамандық туралы мәлімет бере отырып, болашаққа мамандық таңдау барысында нық қадам жасау керектігін атап өтті. «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Қ.Орынтаев факультеттегі мамандықтар жайлы толық мағлұматтар беріп, университеттің ішкі тәртібімен таныстырып, университетте кітапхана, мұражай, арнайы студенттерге қызмет көрсету орталығы, сот залы, криминалистикалық полигонмен және білім беруші кафедраларға экскурсия жасап, жас түлектерді таныстырды.