Жаңалықтар
Онлайн-жиналыс
- Қаралды: 335
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында көтерген мәселелері бойынша 2020 жылдың 28 мамыр күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Д.П.Қожамжарова университеттің профессор-оқытушылар құрамымен онлайн-жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Д.П.Қожамжарова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында көтерілген мәселелерді іске асыру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамына бір қатар тапсырмалар берді.
Атап айтар болсақ қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша әдістемелеі және ұйымдастыру деңгейін тездетіп реттеу, оқулықтарды цифрлық форматқа ауыстыру, электрондық оқулықтардың сапасын жақсарту туралы тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар жоғары оқу орнында оқыту сапасын көтеру, оқу бағдарламаларын ІТ-компетенцияларының арнайы модулдарын енгізе отырып 100 пайыз жаңарту, білім беру бағдарламаларын жаңа білім беру үрдісіне сәйкес деңгейін көтеру керектігін айтты.
Тиісті қызметкерлерге бюджеттен тыс және басқа көздер есебінен университеттердің студенттері мен оқытушыларының сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықтың әр түрлі формалары бойынша; университет, ғылыми зертханалар базасында жетекші шетел университеттерінің кампустарын ашу; факультеттерде студенттер мен оқытушылар жазғы мектептердің жұмысын онлайн түрде жандандыру және университеттің академиялық адалдық лигасына кіруін ұйымдастыру туралы ұсыныстар дайындауын тапсырды
Ғылымды дамыту бағыты бойынша:
- ғылымның материалдық-техникалық жабдықталуының, ғылыми зертханалардың құрылуы мен дамуына мониторинг жүргізудің нақты индикаторлары мен индикаторларын енгізу (шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен серіктестік құру ұсынылады)
- облыстың, республиканың мүдделі тараптарымен (компаниялармен, ғылыми-зерттеу институттарымен) кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру, атап айтқанда, өндірушілерге, кәсіпкерлерге және инвесторларға ашық қол жетімділікті қамтамасыз ететін силикон алқабы (Сколково) қағидаты бойынша жұмысты жалғастыру керектігі айтылды.
Университетке қарасты колледж жұмысын жақсарту бойынша да біршама тапсырмалар берілді.
«Жас Маман» жобасы аясында колледждерді модернизациялау процесін, колледждерді бағалаудың рейтингтік жүйесін зерттеу.
Кәсіптік бағдарлау аясында 10-15 жыл ішінде еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін зерделеу, «Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын» ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет
Жоғары оқу орны арасындағ тығыз қатынас орнатып, сабақтастықтың болуы.
Онлайн-мәжіліс соңында жоғарыда көрсетілген тапсырмалар профессор-оқытушылар құрамымен бірауыздан мақұлданып, орындау үшін нақты тиісті қызметкерлерге тапсырылды.