Түркіменстанның тұрақты Бейтараптығының 25 жылдығына арналған онлайн-брифинг

28 мамырда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Түркіменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Түркіменстанның Бейтараптығының  25 жылдығынаарналған онлайн-брифинг өтті. Брифингке профессор-оқытушыларқұрамы, университет студенттері, сондай-ақ арнайы шақырылған сарапшылар қатысты. Іс-шараны университеттің бірінші проректоры Қ.Е.Нұрманбетов ашып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі түрікмендік бейтараптық моделінің рөлі туралы, сондай-ақ түрікмен-қазақ бауырластық қатынастарды дамыту перспективалары туралы айтты.

1995 жылы 12 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірауыздан «Түркіменстанның тұрақты  Бейтараптығы» атты резолюцияны қабылдады. БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында оны қабылдау үшін әлем қауымдастығына мүше 185 мемлекет бірауыздан дауыс берді. Отырысқа қатысушылар бейбітшіліктің,  басқа мемлекеттердің істеріне араласпаудың, олардың егемендігін құрметтеудің, халықаралық әскери ұйымдар мен келісімдерге қатыспаудың, өзара тиімді ынтымақтастықтың- позитивті бейтараптық саясаттың негізгі ережелері екенін атап өтті.

Бейтарап Түрікменстанның астанасы Ашхабадта 2020 жылдың 11-12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының  «Түрікменстанның тұрақты Бейтараптығытуралы» қарарының қабылдануының 25 жылдығына орай «Бейтараптылық саясаты және оның халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздік  пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі маңызы» атты халықаралық конференция өтеді. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.