Жаңалықтар
Тікелей эфир
- Қаралды: 380
05.05.2020 ж сағат 15.00- де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Абишева Роза Джанысбековна, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы, Парасат басқармасының басшысы Дулатова Гүлбақыт Сейсенбекқызы, "Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қамбар Жани Сайдуллаұлы "Жастардың университеттегі академиялық адалдықты қамтамасыз етуге қатысуы" атты тақырыпта тікелей эфирде жастармен кездесу өткізді. Эфир барысында жастар жазғы сессияны тапсыру, оқу ақысын төлеу, қашықтықтан емтихан тапсыру кезінде адалдықты қамтамасыз ету механизмдері туралы көптеген сұрақтарын қойып, жауап алды. "Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Жани Сайдуллаұлы жастарға академиялық адалдыққа жат әрекет ретінде өзгенің еңбегін көшіру, авторлық құқыққа зиян келтіру әрекеттерінен сақтандыру сипатында кеңесін берді. Жастарға сессия барысында академиялық адалдыққа жат әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша үндеуге арналған "Сенім телефоны" -21-49-07 номері тағы да ескертілді.