Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мәдениет және спорт факультеті, "Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасының аға оқытушылары М.Ормолдаева, Л.Жумабайдың ұйымдасты

       Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мәдениет және спорт факультеті, "Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасының  аға оқытушылары М.Ормолдаева,  Л.Жумабайдың ұйымдастыруымен Шымкент қаласы,  Ақселеу Сейдімбек атындағы 80 IT  мектеп-лицейінде "Жер жұмағы  - ен дала, Ел сұлуы - қыз бала" атты іс-шара өткізілді.
      Іс-шарада қазақтың қыз баланың тәрбиесіне арналған салт-дәстүрлер туралы мол мағлұмат беріліп, ұлттық әшекей бұйымдардың мән-мағынасы түсіндірілді,  қылқобыз, жетіген аспаптарында музыкалық шығармалар орындалды. Факультеттің "Бейнелеу өнері және дизайн"  кафедрасының студенттері заманауи үлгідегі ұлттық киімдердің үлгісін көрсетті. Жетекшілері  аға оқытушы, магистр, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Г.Дайрабаева, оқытушы, магистр Л.Ибрагимова.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.