Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мәдениет және спорт факультеті, "Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасының аға оқытушылары М.Ормолдаева, Л.Жумабайдың ұйымдасты

      Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығына қабылданатын шетел азаматтары оқуға түсу үшін   ZOOM платформасымен сұхбаттасудан өтті.  Арнайы құрылған қабылдау комиссиясына т.ғ.к., доцент М. Айтөреев төрағалық етсе,    комиссия мүшесі,     ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент Р. Камалдинов  бастаған орталық  оқытушылары 148 талапкерді 4 топқа бөліп қабылдап, білім-білігін тексеріп көрді.
     Қабылдау сұхбатында тыңдаушыларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?», «Тәуелсіздік дәуіріндегі Елбасы феномені жайында не айта аласыз?», «Шетелдегі қандастардың ата жұртта білім алуына көзқарасыңыз қандай?», «Дайындық орталығына оқуға қабылдану арқылы болашаққа қандай жоспарлар құрып отырсыз?», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында егеменді еліміздің қол жеткізген табыстары мен жетістіктері жайында не білесіз?» т.б. сауалдар қойылып, тыңдаушылардан тұщымды жауаптар алынды.
       Сұхбаттасу барысында бірқатар тыңдаушылар еліміздің мемлекеттік рәміздері мен олардың авторлары жайлы кеңінен әңгімелесе, бірқатары Тәуелсіз мемлекетімізді өз тұғырына қондыруда, әлемге танытуда өлшеусіз еңбек сіңірген Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұлт көшбасшылығын өз қолына алып, қуатты Қазақстанды құру жолындағы қажырлы еңбегіне де шама-шарқынша тоқталып өтті. Сондай-ақ тыңдаушылар ел саясатының басым бағыттарының бірі саналатын шетелдегі қандастарды ата мекеніне көшіру, олардың ұрпақтарын өз елінде, ата жұртында білім алуына қолайлы жағдай тудырып отырған мемлекетімізге шынайы ризашылықтарын да білдірді.  Сонымен қатар олар осынау дайындық орталығында білімін ұштап, жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алуға ниеттеніп отырғанын, болашақта өз саласы бойынша Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосуға талапты екендіктерін де айтты.
       Сондай-ақ болашақта жоғары оқу орындарының студенті атанып, бір-бір білікті мамандық иесі болсақ деген армандарын жасырмай жеткізген тыңдаушылар оқу орнымыздың рухани-мәдени тынысына да белсене араласып, өз өнерлерімен, білім-білігімен университеттің абыройын онан әрмен асқақтата бергісі келетіндіктерін жеткізді.
       Қорыта айтқанда  тыңдаушылар сұхбаттасуға түгел қатысып, сұрақтарға мейлінше жүйелі жауап беріп, қазақ тілін жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, олардың еліміздің тарихы, әдебиеті мен өнері, мәдениеті мен салт-дәстүрі жайында да азды-көпті көкейге түйгені бар екендігі анық аңғарылып тұрды.  Нәтижесінде сұхбаттасуға қатысқан  148 тыңдаушының  143-і сәтті өтті.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.