ҚазҰПУ делегациясы Әуезов ғылыми жетекшілік тәжірибесін зерттеу мақсатында ОҚУ -да болды.

            2021 жылы 9 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық Институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор А. М.Жунусов, директордың орынбасары Н. Б. Манапбаев, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Ж. К. Симтиков, Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Д. C. Байгунаков, заң ғылымдарының кандидаты, Заңтану кафедрасының меңгерушісі Б. М. Кушпенбетов бастаған ұжым келді. Серіктес ЖОО-ның әріптестері Республикалық "Білімді Ел" газетінде академиялық басымдылық орталығын дамыту туралы ректор Д. П. Қожамжарованың мақаласы аясында ғылыми көшбасшылық бойынша біздің тәжірибемізді зерттеу мақсатында келді. Ғылыммен және өндіріспен коллаборация шеңберінде Академиялық басымдылықтың дамуы туралы академиялық мәселелер жөніндегі проректор Роза Әбішева презентация ұсынды. Қонақтар университетіміздің зертханаларында болып, жетекші ғылыми мектептермен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Өңірді дамытуға, білім, ғылым, өндіріс және бизнес кооперациясына бағытталған жобалар ерекше қызығушылық тудырды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.