Жаңалықтар
АПГРЕЙД - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ атты 36 сағаттық курсты дайындап, онлайн жүйеде бастады.
- Қаралды: 472
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «Тарих және этнология» ғылыми орталығы 2021 жылы 11 қазанда Шымкент қаласы және Түркістан облысының орта және кәсіптік білім алушыларын кәсіби машықтану және тұлғаның шығармашылық бейімін қолдау мақсатында ««АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты 36 сағаттық курсты дайындап, онлайн жүйеде бастады.
«Тарих және этнология» ғылыми орталығы республика және шетел деңгейде бір қатар ғылыми жобаларды нәтижелі іске асырып, осы уақытқа дейін кәсіби тәжірибесін көрсетіп үлгерді, білім саласында ғылыми және әлеуметтік-мәдени жобаларды құру бағытында тиімді тәсілдерді үйретуге тәжірибесімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар, бүгінгі күні орталық жанында қосымша мектеппен колледждердің оқушыларына ғылымға баулу мақсатында «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясыда өз бағытымен таныстырды.
Курс жұмысы орта мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының әдіскерлеріне, жас педагогтарта, 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің І-ІІ курс білім алушыларына, ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар және ХХІ ғасырдың креативті ойлау қабілетін дамытушы тұлғаларға ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды дайындауға және құруға арналған.
5 күнге жалғасатын курста университеттің тәжірибелі оқытушы-профессорлары - тренерлер ғылым, әлеуметтік және шығармашылық жұмыстарды жетілдіру және оны сапаландыру жұмыстарын үйретуге тырысады.
Бағдарлама бойынша тренерлер ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік жобаның айырмашылығын түсіндіріп, жобаны құрудағы тиімді әдіс-тәсілдерді және қазіргі таңдағы өзекті салалардың дамуына үлес қосатын жобаларды жасау мен оларды қорғауға үйретеді.
Оқу курсына Шымкент қаласы және Түркістан өңірінен мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындардың 100-ден астам жас педагогтары, әдіскерлері, жоғарғы оқу орындардан студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.
Білім алушылардың кәсіби дағдылары мен келешек мамандығын анықтауға бағытталған нәтижелі жұмыс 15 қазанда аяқталып, қатысушыларға 36-сағаттық сертификат және тренерлердің презентациялық материалдары – кейске жиналып жіберіледі.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз