Жаңалықтар
«Huawei ИКТ академиясының» ресми ашылуы
- Қаралды: 574
«Huawei ИКТ академиясының» ресми ашылуы
Қазан айының 18 жұлдызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде желілік және телекоммуникациялық жабдықтардың әлемдегі ең ірі жеткізушісі болып табылатын трансұлттық корпорация «Huawei Technologies Co Ltd» компаниясы мен Қазақстаннның іргелі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында жасалған келісім-шарт аясында «ИКТ Академиясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында университеттің Оқу және ОӘЖ жөніндегі проректоры Роза Абишева мен компания менеджері Қамшыбек Жазира студенттерді академияның алдына қойған мақсат-міндеттерімен таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Қазіргі таңда HUAWEI ICT Competition 2021-2022 конкурсына дайындық аясында арнайы онлайн крустар ұйымдастырылған.
https://talent.huaweiuniversity.com/portal/courses/HuaweiX+EBG2020CCHW1100087/about HCIA repository