Жаңалықтар
Бизнестің жол картасы-2025
- Қаралды: 579
Қазан айының 19 жұлдызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриaлды-инновациялық даму басқармасының бас маманы Архат Сарсенбаев пен Механика және мұнайгаз ісі факультетінің деканы Жандос Серікұлы қатысуымен бітіруші курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге болашақта өз ісін ашу жолдарын түсіндірілді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар конкурсы таныстырып, қатысу шарттарын түсіндірілді. Студенттермен идеядан іске қосылған бизнеске дейіңгі іс-әрекеттер тізбегі талданып, кеңес алу жолдары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып кәсіпкерлік жайында көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
*Бұл кездесу Механика және мұнайгаз ісі факультет түлектерін жұмысқа орналастыру жоспарының кезекті іс-шарасы.