Жаңалықтар
Оқушылардың ғылыми және шығармашылық жобалардың V Байқауы
- Қаралды: 448
2022 жылы 22 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ, «Тарих және этнология» ғылыми орталығы 2022 жылы «Балалар жылы» аясында Шымкент қ., және Түркістан облысы бойынша орта және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында ғылыми зерттеу мен шығармашылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ V - БАЙҚАУЫН өткізді. Байқауға гуманитарлық, филология және шығармашылық бағытында 70-ке жуық жоба тіркелді. Байқаудың барлық қатысушылары сертификатпен, жеңімпаздары I,II,III дәрежелі дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды. «Тарих және этнология» орта және кәсіптік білім беру мекемелерімен ғылыми ынтымақтастықтың дамуы туралы ақпарат берілді. ҒО басшысы Ш.А.Торгаутованың 2022 жылы 14 сәуірде жарыққа шыққан ЖОБМ, ТжКБ және ЖОО білім алушылардың ғылыми және әлеуметтік жобаларды дайындаумен ресімдеу кезінде қолдану үшін «Білім алушылардың ғылыми және әлеуметтік жобаларын жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқаудың» тұсауы кесіліп, әр білім алушыларға таратылды. Жеңімпаз педагог-зерттеушілерге әріқарай жобаларды жетілдіру мақсатында «Тарих және этнология» ғылыми орталықтың ғылыми-зерттеу тағылымдамаға және 72-сағаттық біліктілікті арттыру курсына шақыртылды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз