Жаңалықтар
Баспасөз-Релизі Баку
- Қаралды: 463
2022 жылғы 24 тамызда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы - ректор Қожамжарова Д.П. бастаған делегация, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мақсатында Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетіне (Баку қаласы) барды.
Іссапар барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ делегациясы Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің ректоры Мустафа Баба оглы Бабанлымен кездесіп, сонымен қатар университеттің тарихы және қызметімен танысты. Кездесуде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, шетелдік ғалымдарды бірлескен ғылыми қызметке тарту, бірлескен білім беру бағдарламалары мен зерттеудің өзекті бағыттары бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған Меморандум негізінде тараптар тәжірибе алмасу, ғылыми - білім беру ынтымақтастығы және бірлескен зерттеу жобаларына қатысу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.