Жаңалықтар
Астана қаласында өткен StartUp конференцияда студенттеріміз өз жобаларын таныстырды
- Қаралды: 397
2023 жылдың 28-29 наурызында Астана қаласында, «Назарбаев Университеті» Акционерлік қоғамы базасындағы «Тұрақты даму офисі» (Sustainability Living Lab) департаментінде студенттік стартап жобаларын іске асыру нәтижелері, сондай-ақ жеңімпаздар арасында тәжірибе пікір алмасу конференциясы өтті.
Конференцияның бірінші күнінде әлемнің және ҚР жетекші профессорларының бірқатар ғылыми дәрістері өткізілді, екінші күні қатысушыларға өз жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік берілді. Кездесу соңында стартап жобалар жеңімпаздарына Шеврон компаниясының өкілі сертификаттар табыстады.
Конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті командасынан 2022 жылғы стартап жобаларды әзірлеу бойынша грантты жеңіп алған келесі жеңімпаздар қатысты:
1. Жандос Ерасыл - «Экология» бакалавриат білім бағдарламасы студенті «Экобеседка» стартап-жобасымен, қаржыландыру мөлшері – 800000 тенге.
2. Сыздықова Маржан - «Экология» докторантура білім бағдарламасы докторанты, «Жасыл өсімдіктердің көмегімен электр энергиясын алу» стартап-жобасымен, қаржыландыру мөлшері – 800000 тенге.
Стартап жобалар «National Conservation lnitiative» қоры «Назарбаев Университеті» және «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылуда.
Жобалардың ғылыми жетекшісі: «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Экология» кафедрасының профессоры Шингисбаева Ж.А.
Жобалардың ғылыми жетекшісі: «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Экология» кафедрасының профессоры Шингисбаева Ж.А.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз