Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Ғылым онкүндігінің» ашылу салтанаты өтті
- Қаралды: 295
Бүгін, 2023 жылдың 6- сәуірі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым онкүндігінің» ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы-ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы ашып, барлық ғылым қызметкерлерін мерекелік күнмен шын жүректен құттықтады. Дария Пернешқызы өз сөзінде оқу ордасында 1300-ден астам қызметкердің ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысатындығын және соңғы жылдың қорытындысы бойынша университетте 540 млн теңгеден астам қаржыға 50 ғылыми - зерттеу жұмыстары жүзеге асырылғандығына тоқталды.
- Онкүндіктің ашылу салтанатына орай «SCIENCE TIME» атты университет ғалымдарының ғылыми жобалар көрмесі өткізілді. Көрмеде университет ғалымдары өздерінің жаңашылдықтарын ендіру, ғылыми патенттер алу, ғылымды коммерциализацияландыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үздік ғылыми жобалары мен Республикалық ғылыми жұмыстар байқауында жеңіске жеткен оқушылардың үздік 50 жұмыстарының көрмесі өткізілді.
- 2023 жылдың 06 – 17 сәуірі аралығында өткізілетін «Ғылым онкүндігі» аясында университетте бірқатар семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, қонақ дәрістері және т.с.с. іс-шаралар реті жүзеге асырылатын болады.
- Ғылым қызметкерлері күні –бұл өз өмірін ғылыми ізденістерге арнаған, ғылыми ойдың күшіне сенетін, түрлі жаңашылдықтарды ашуға бағытталған адамдардың мерекесі болып табылады.
- Қазіргі уақытта елдегі ғылым мен білімнің жоғары деңгейі -технологиялық және экономикалық өсудің кепілі, сондықтан осы салаға инвестициялар тарту- мемлекеттің онан әрі қарқынды дамуы үшін аса маңызды. Ғылым мен инновацияны, технологияларды дамыту – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі саланың бірі. Елімізді технологиялық көшбасшыға айналдыру үшін университеттік ғылымды дамытуда кешенді жұмыс жүргізу қажет, ал дәл осындай ғылыми іс-шаралар жастарды ғылыми қызметпен айналысуға шабыттандырып, үлкен ғылыми жетістіктер мен жаңалықтар ашуға ынталандыратыны сөзсіз.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз