Жаңалықтар
2011 жылы ғылым қызметкерлерінің ресми күні болып 12 сәуір бекітілген
- Қаралды: 301
Бұл – Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев. Ол өзінің бүкіл өмірін туған Республикасындағы ғылымға және де оны дамытуға арнады. Осыған сәйкес Қаныш Имантайұлының туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні ресми атап өтіледі. Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.
- Осы атаулы күнді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті де тойлауда. Ғылым күніне орай өткізіліп отырған декада аясында түрлі іс-шаралар өз тыңдармандары мен көрермендерін тауып жатыр.
- Бүгін, 12 сәуір күні университетіміздің акт залында «Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері үшін 21 ғылыми қызметкер «Құрмет грамотасымен», 23 қызметкер «Алғыс хатпен» марапаталса, 20 ғылыми қызметкеріміз Аманат партиясының алғыс хатымен марапатталды. Ғалымдарымыздың құрметіне арналған концерттік бағдарлама өз жалғасын тауып жатты.
- Осы орайды пайдалана отырып біз тек Әуезов университетінің ғана емес, бүкіл еліміздің ғылым қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз