Жаңалықтар
ЕЛОРДАДА ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
- Қаралды: 365
Елордада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 350-ден астам шақырылған қонақ қатысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іс-шараға қатысушыларды осы айтулы күнмен құттықтады.
«Министрлік ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен кең көлемде өзара іс-қимыл жасай отырып, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР жаңа Заңының жобасын әзірлеуде. Ғылымды цифрландыру бойынша шаралар қабылдануда, «Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленуде. Министрліктің мемлекет басшысының Жолдауында және сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерге сәйкес қазақстандық ғылымды дамыту жолдары туралы нақты көзқарасы бар», - деді министр.
Отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Министр бірқатар жетекші ғалымдарға «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық наградасын табыс етті.