Жаңалықтар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
- Қаралды: 220
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. «Таза өлке» деп аталатын акцияда бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұжымы мен студенттері тазалық акциясына белсенді түрде атсалысты. Оқу ордасы ғимараттарының айналасы күл-қоқыстардан тазартылып, су жүретін арықтарға тұрып қалған қоқыс-топырақтардан аршылды. Ағаш түптері әктеліп, шөптер орылып, жиналды және жолдарды сыпырды. Сонымен қатар, университеттің жастары қаланың өзге де аумағында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына да атсалысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Бүгінгі өткен экологиялық акцияға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент-жастарынан құралған 3500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз