Жаңалықтар
АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
- Қаралды: 125
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы АЭС құрылысы бойынша жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін ұйымдастырылған «АЭС – біздің болашағымыз, дамуымыз» атты іс-шараға оқу ордасының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысып, атом электр станциясын салудың стратегиялық маңыздылығы талқыланды.
Университеттің Басқарма Төрағасы – ректордың м.у.а Ғани Бесбаев атом электр станцияларының артықшылықтары, экономикалық тиімділігін түсіндіріп өтті. К.т.н., доцент Ильясов Рамил Махмудович АЭС салу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтуға болатынын жеткізсе, РhD доктор, доцент Г.Д.Турымбетова, РhD доктор, доцент Г.Е. Сахметова экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне тоқталды.