БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА ӘЛЕУМЕТТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯДЫ

Бұл туралы бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзия елшілігі делегациясымен өткен кездесуде айтылды. Оқу ордасында Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохд Адли Абдулла, елші кеңесшісі Мохд Идхам Мохлис Ахмат Замри қонақта болып, екі елдің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Университеттің Басқарма Төрағасы-ректордың м.у.а. Ғ.Бесбаев қонақтарға алғысын жеткізе отырып, Әуезов университеті Малайзиядағы ЖОО-мен 2011 жылдан бері  ынтымақтастықта екенін, бүгінде осы мақсатта ондағы жетекші ору орындарының ғалымдары тамақ инженериясында зерттеу бағытында бізде тәжірибе алмасып жүргенін атап өтті.

–Екі мемлекетті өте тығыз байланыс біріктіреді. Малайзияда 20 мемлекеттік, 160 жекеменшік, 10 шетелдік оқу ордасының филиалдары бар. Ғылым мен білім саласында 31 түсіністік меморандум түзілген. Астана, Алматы қаласындағы ЖОО-мен ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Енді Қазақстанның өңірлеріндегі оқу ордаларымен іс-қимыл жобаларын қолға алу ұйғарылды. Осы мақсатта инвестициялық хаб саналатын Шымкент қаласындағы 80 жылдық тарихы Әуезов университеті таңдалып, Сіздерге арнайы келдік, - деді өз сөзінде Мохд Адли Абдулла мырза.

Екі тарап кездесу барасында білім беру мүмкіндіктерін ілгерілету, қос диплом, академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы студенттереді тағылымдамадан өткізу секілді мүмкіндіктер айтылды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.