Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- Қаралды: 84
Бүгін Әуезов университетінің ұжымы 25 қазан –Республика күні мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Шараға оқу ордамы здың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студент жастары қатысты. Салтанатты жиында сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Ғани Бесбаев университет ұжымын Республика күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ Ғани Әбзелбекұлы:
–Бүгінде біздің Қазақстанның саяси-экономикалық, ғылым және жоғары білім салаларындағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өткім келеді. Бұл мерекені атап өтуді біздің университет бастап та кетті. Күні кеше Түркістан сарайында Мәдениет және өнер факультетінің ұйымдастыруымен танымдық кештің куәгері болдық. Бұл жастарымыздың бойында отансүйгіштікті қалыптастырып, студенттерімізге шабыт сыйлағаны айқын. Осынау атаулы күнде тілейтініміз Отанымыз – Қазақстан өсіп өркендей берсін, - деген тілектестігін білдірді.
Мерекелік шарада Басқарма Төрағасы ғылым және жоғары білім саласында жемісті еңбек еткен бірқатар профессор-оқытушы құрамын министрліктің төсбелгісі мен құрмет грамотасы, сондай-ақ алғыс хаттарымен марапаттады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әуезов университеті баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі Республика күнімен құттықтайды! Еліміз аман, төңірегіміз түгел, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!