Жаңалықтар
УНИВЕРСИТЕТТЕ «ТҮРІКМЕНСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНІ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
- Қаралды: 25
Биыл Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толды. Осыған орай М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Түрікменстанның мәдениет күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Қазақстан мен Түрікменстан арасында сан ғасырдан бергі достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас берік орнаған. Мерекелік іс-шарада университетте Түрікменстаннан келіп білім алатын студенттердің қатысуымен бауырлас елдің тарихы, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін концерттік бағдарлама қойылды.
Іс-шарада университеттің бірінші проректорының м.у.а. Құрманғалы Сарыкулов, «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Әзімхан Оразбайұлы сөз алып, екі ел арасындағы достық, мәдени байланыс, жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық жайында сөз сөйледі.
– Түрікменстан халықаралық аренада өзіндік орны бар мемлекет. Екі ел арасындағы жоғары білім мен ғылым саласында байланыс мығым орнаған. Университетімізде 567 Түрікмен елінің студенті білім алып жатыр. Жақсы білім алып, мамандықтарыңыздың кәсіби маманы атанып, өз елдеріңізде адал қызмет атқара беріңіздер, - деген игі тілегін жеткізді Құрманғалы Сарыкулов.
Мерекелік кеш барысында «Филология» факультетінің шет елдік білім алушы студенттері ұлттық әндерін орындап, би биледі. Түрікменстан дәстүрімен таныстырған көрініс көрсетіп, ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырды. Сондай-ақ, қазақтың халық әндерін шырқап, Ұлы Абайдың өлеңдерін оқыды.