Жаңалықтар
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ: ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК – 90 ЖЫЛ»
- Қаралды: 40
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де елімізге белгілі қаламгер, этнограф, баспагер, аудармашы Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына орай, «Ұлттық құндылық: қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты республикалық экспедиция мүшелерімен кездесу өтті.
Аталған басқосуға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, этнограф-ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, ұлттық этнография мен рухани мұра тақырыбы төңірегінде келелі ойларын ортаға салды. Экпедиция құрамында жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, төраға орынбасары Ғалым Қалибекұлы, академик, ф.ғ.д. профессор, Қазақстанның құрметті жазушысы Ұлықпан Сыдықов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының кеңесшісі Әміржан Қосанов, «Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының» атқарушы директоры серік Қалиев бар.
Кездесу аясында қаламгердің ұлтымыздың мәдениетіміз бен әдебиетімізге қосқан үлесі, тұлғалық қасиеті, еңбектері дәріптелді.
Бұл кездесу ұлттық рух пен тарихи зердені жаңғырту жолындағы келелі ізденістерге жол ашып, Зейнолла Сәнік сынды біртуар қаламгердің мол мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.