Жаңалықтар
ВАЛАЙЛАК УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
- Қаралды: 35
Бүгін Валайлак университетінің (Таиланд) делегациясы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне сапармен келді. Бұл сапардың басты мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою болды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын, қос дипломды бағдарламаларды жүзеге асыру перспективаларын, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелерін талқылады. Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми деректер алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл сапар Валайлак университетінің Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы әрекеттерінің жалғасы болды. Бұған дейін, 2024 жылдың сәуір айында, университет өкілдері Қазақстанға келіп, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Almaty Management University секілді жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнату мақсатында келіссөздер жүргізген болатын.
Валайлак университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасындағы меморандумға қол қою екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық білім беру кеңістігінің дамуына және Таиланд пен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыстардың нығаюына ықпал етеді.