«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ»

Бүгін университетімізде осы тақырыпта керемет тағылымды кездесу өтті. Оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысқан іс-шараға өмір және еңбек жолы өнегелі, ғылымда өз қолтаңбасы бар, ұрпақ тәрбиесіне орасан зор үлесін қосқан ардагер-ұстаздарымыз шақырылды. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, а.ш.ғ.д., профессор, құрметті ұстазымыз – Алибаев Нурадин Нажмеддинұлы; ҚР Білім беру ісінің үздігі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ф.ғ.д., профессор, құрметті ұстазымыз – Тлеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы; «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрайымы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, құрметті ұстазымыз – Көздібаева Әбилә Көздібайқызы.

Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев құттықтау сөзінде жарқын жүздесудің құндылығын атап өтті.
– Ардагер ұстаздарымыз – мәңгілік қазынамыз. Оындай тағылымды ұстын етіп, ұрпақты ұлт тұлғаларына қарап бой үйрететін болсақ біз үшін зор тәлім болары сөзсіз. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Біздің көрнекті тарихи тұлғаларымыз ұлықтауға әбден лайық. Сөз жоқ. Олардың есімін ел жадында сақтау – перзенттік парызымыз әрі жалпыұлттық болмысымызға тән қасиет», деген болатын.

Университетіміздің өсіп-өркендеуі, бүгінгі биік белестерге жетуі – осында ұзақ жылдар тер төгіп, бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Сіздердің білім бен тәжірибелеріңіз – кейінгі буынға бағдаршам, шамшырақ іспетті. Бүгінгі кездесудің әр сәті – тарих. Әр айтылған ой, әрбір ақыл – жүрекке жол тартқан асыл қазына. Бұл — тек кездесу емес, бұл – рухани байланыс, өмірлік тәжірибелер сабақтастығының үлгісі, - деді өз сөзінде Ернар Иманғалиев.
Иә, осындай рухани кездесулер аға буын мен жас ұрпақтың байланысын үзбейтіні анық.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.