БУКЕТОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

М. Әуезов атындағы ОҚУ-де ғылым күні аясында көрнекті ғалым, академик, 1973–1980 жылдары ҚарМУ ректоры болған Евней Арыстанұлы Букетовтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – магистратура және докторантура департаментінің меңгерушісі Г.И. Елібаева ғалымның өмірбаянын қысқаша таныстырып, металлургия және химия салаларындағы ғылыми жарияланымдары мен жетістіктеріне тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысқан докторанттар, магистранттар және жас ғалымдар үшін профессорлар Н.О. Жақыпбекова, В.М. Шевко және К.С. Надиров өздерінің Е.А.Букетовпен кездесулері туралы презентациялар мен естеліктер дайындады.

Алғашқы болып сөз сөйлеген профессор Н.О. Жақыпбекова академикпен болған екі кездесуін баяндады. Бірінші кездесу 1970 жылы шәкірті, фосфор зауыты цехының бастығы О.Д. Жақыпбековтың үйіне келген кезінде болған. Сол сәтте академик кішкентай мектеп оқушысына ғылым жолын таңдауға кеңес берген. Екінші рет1976 жылы Қарағанды университетінде өткен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасында кездескен. Сол олимпиадаға қатысқан көптеген оқушылар кейіннен белгілі ғалым атанды: Ю. Дубицкий (Милан, Италия), Г. Сейсенбаева (Упсала, Швеция), Н. Жақыпбекова (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), А. Шаяхметова (Астанадағы ірі мектептің директоры). 

В.М. Шевко өз сөзінде академик Букетовтың шығармашылық қызметінің көпқырлылығын, Д.И. Менделеевке арналған еңбектерін, У. Шекспирдің шығармаларын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанын және «Простор» журналындағы жарияланымдарын ерекше атап өтті. Ал профессор К.С. Надиров 1980 жылдардың басында Қарағандыда тағылымдамадан өтіп жүрген кезде академик Букетовпен болған кездесулерін еске алды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көрнекті ғалым, ғылымды ұйымдастырушы тұлға — Евней Арыстанұлы Букетов туралы айтылған естеліктерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.