БІЛӘЛОВ ҚАЛИ БІЛӘЛҰЛЫ

1918 жылы 10 қазанда Семей облысы Жарма ауданында туылған.

1938 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институты жанындағы жұмысшы факультетін бітірді. 1938 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсті.

Алғашқы кезден-ақ Қ.Б.Біләловтің ғылымға кызығушылығы байқалып, кейіннен Сталиндік стипендияның иегері атанды. Республиканың үздік студенттері қатарында еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік мұражайының көрмесіне ұсынылды. 1941 жылы тамызда Қызыл Әскер катарына шақыртылды. 1942 жылы Ташкенттегі жаяу әскер училищесін және «Выстрел» жоғары офиңерлік курсын бітіргеннен кейін Калинин майданына рота командирінің орынбасары болып тағайындалып, ұрыс даласына жіберілді. Жарақат алып, 1945 жылдың желтоқсанына дейін оқу взводының командирі қызметін атқарды.

1946-1949 жылдары университеттегі оқуын жалғастырып, оны үздік бітіріп шықты. Оқып жүріп Қазақ КСР Ғылым академиясы тау-кен институты директорының көмекшісі қызметін атқарды.

1949 жылы қарашада Ғылым академиясы Президиумының шешімімен Химия ғылымдары институтына жіберіліп, сонда кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, институт директорының гылыми істер жоніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1954 жылы химия гылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертаңиясын сәтті қорғады.

Ерітінділердің жалпы теориясын зерттеу ісі институттың ғылыми бағытын айқындап қана қоймай, онда білікті мамандардың жиналуына да мүмкіндік жасады. Жас ғалымның қалыптасуына Усанович М.И., Сокольский Д.В., Козловский М.Т.,
Беремжанов Б.А. секілді көрнекті ғалым-химиктер мен педагогтардың ықпалы зор болды. 1957 жылы Қ.Б.Біләлов Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институтының директоры болып тағайындалды. Сонымен бір мезгілде ол нституттың физикалық және коллоидтік химия кафедрасын баскара отырыи, ғылыми зерттеулерін жалғастырып, студенттерге лекция оқыды. 1959 жылы Қ.Біләловке доцент ғылыми атағы берілді. Қысқа уақыт ішінде республика
экономикасының дамушы салаларында ерекше маңызға ие жаңа амандықтардың ашылуына ықпал етті. Білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастырып, институттың заманауи материалдық базасын құруға атсалысты, жоғары білікті мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлді. Оның бастамасымен студенттер мен оқытушылар арасынан дарынды жастар Мәскеу, Киев, Ленинград, Қазан
қалаларындағы алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарына оқуға жіберіліп отырды. Нәтижесінде оқу орны Қазақ технология институты болып қайта құрылып,
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Жамбыл және Семей қалаларындағы филиалдар базасында кейіннен дербес оқу орындары
құрылды. Осы институттың қабырғасынан бірқатар ірі ғалымдар мен Қазақстанның қоғам және мемлекет қаііраткерлері шықты. Қали Біләлұлы 1959-1971 жылдары Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі торағасының орынбасары қызметтерін атқарды, 5-8-ші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды, екі рет «Ленин» орденімен, үш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.