Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету
Студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер беру туралы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ақылы негізде оқитын әлеуметтік мұқтаж топқа жататын студенттерге29.09.2018 жылғы СМЖ ОҚМУ Е 6.10-2018 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» Ережесі бойынша жеңілдіктер ұсынылады.
СМЖ ОҚМУ Е 6.10-2018 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» Ережесі ҚР Конституциясы, ҚР Заң актілері, ҚР білім және ғылым министрлігінің №574 бұйрығы, университет Жарғысы, университет стратегиялық даму жоспары, ҚР Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 қаулысы негізіне сүйеніп жасалған және жұмыс атқарады.
Ереже бойынша жеңілдіктер төмендегі топтарға беріледі:
- Ата-ана қамқорлығынсыз тұл жетім студенттерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 100%;
- Азаматтар қамқорлығындағы жетім студенттерге 50%;
- І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар немесе ата-аналарының бірі осы топтағы мүгедектігі бар студенттерге:
- І топ немесе бала кезден мүгедек студенттерге (ата анасы мүгедек)-30%;
- ІІ топ немесе бала кезден мүгедек студенттерге (ата анасы мүгедек)-20%;
- ІІІ топ немесе бала кезден мүгедек студенттерге (ата анасы мүгедек)-10%;
- Аз қамтылған отбасы отбасыдан шыққан студенттерге-15%-30%;
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да бір отбасыдан бір мезетте екі немесе одан көп ақылы негізде оқитын студенттерге 10% ;
- Спорттық сайыстарда университет беделін көтеріп жүрген студенттерге:
- Халықаралық сайыстар (универсиада, олимпиада, әлем, Азия чемпионаты т.б) 1-орын иегерлеріне 100%;
- 2-орын иегерлеріне-90%;
- 3-орын иегерлеріне -80%;
- Республикалық сайыстар (түрлі ресми біріншіліктер, универсиадалар т.б) 1-орын иегерлеріне -70%;
- 2-орын иегерлеріне 50%;
- 3-орын иегерлеріне -30%;
- Түрлі интеллектуалдық сайыстар мен шығармашылық конкурсатр жеңімпаздарына:
- Халықаралық деңгейдегі 1-орын иегерлеріне -40%;
- 2-орын иегерлеріне -30%;
- 3-орын иегерлеріне -20%;
- Республикалық деңгейдегі 1-орын иегерлеріне -30%;
- 2-орын иегерлеріне -20%;
- 3-орын иегерлеріне -10%;
- ОҚМУ бастамасымен ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған интеллектуалды конкурстар мен олимпиадалар жеңімпаздарына :
- 1-орын немесе гран-при иегерлеріне барлық оқу кезеңіне -100% (университет гранты);
- 2-орын немесе гран-при иегерлеріне барлық оқу кезеңіне -75%;
- 3-орын немесе гран-при иегерлеріне барлық оқу кезеңіне -50%;
- Университеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінде республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі қоғамдық жұмыстарда белсенді студенттерге:
- 2-курс-10%;
- 2-курс-20%;
- 4 және 5-курс-25%.
Студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер бір оқу жылына беріледі.
Себепсіз емтихандарын уақыты тапсырмаған және университет ішкі тәртібін бұзған студенттер келесі семестрден оқу жеңілдігінен айырылады.
Студенттердің жеңілдікке ұсынған құжаттары бірінші факультет/ жоғары мектеп деканаттрында қаралады, талапқа сәйкес құжаттар декан атынан арнайы комиссияға ұсынылады. Құжаттарды қабылдау әр оқу жылының қыркүйек айында жүзеге асырылады. Комиссия отырысы және бұйрық жобасы қазан айында дайындалады.
Жеңілдіктер қашықтықтан оқу бөліміндегі студенттерге қарастырылмайды (ерекше жағдайда комиссия шешіміне байланысты болады).
Жеңілдікке ұсынған студенттер құжаттары комиссия қарауынан өтіп, университет Ғылыми кеңесінде қаралғаннан кейін бұйрық шығады.
2019-2020 оқу жылындағы студенттерге оқу ақысына
берілген жеңілдіктер туралы ақпарат
«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға көмек көрсету өлшемін, көздерін, түрлерін және Ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 қаулысын және «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» 29.09.2018 жылғы Ережесін жүзеге асыру мақсатында 07.10.2019 жылы №245-нқ бұйрық негізінде комиссия құрамы анықталды.
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:
Нурманбетов Қ.Е- бірінші про8ректор.
Комиссия мүшелері:
Байболов Қ.С. - оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;
Бейсенбаев С.К. – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор м.а;
Сүлейменов У.С- ғылыми жұмыс және инновалиялар жөніндегі проректордың у.м.а
Сарсенбаева А. - қаржы департаментінің директоры;
Назарбекова С.П.-ректордың оқу және академиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
Есимов Б.О.- «Цемент, керамика және шыны технологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
Мажинбеков С.А-Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры;
Пернебеков С.С.-Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары;
Анефияев Д.А. – заң бөлімінің басшысы;
Мұсабеков Қ.А.- қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрағасы;
Қорғанбаев Ж.А. - студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы;
Мамыт Ә.А – ТІжЖС департаментінің бас маманы, хатшы.
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» 29.09.2018 жылғы Ережесі бойынша университет бойынша 657 студент атаулы жеңілдіктерге өтініштер мен тиісті құжаттарын өткізіп, оның ішінде 502 студенттің құжаттары комиссия мақұлдауынан өтті.
Фак |
Өтініш білдірген |
100% |
90% |
80% |
70% |
50% |
40% |
30% |
25% |
20% |
15% |
10% |
жалпы |
қашықтық |
18 |
1 |
|
|
2 |
3 |
|
3 |
|
1 |
2 |
1 |
13 |
АП |
29 |
|
|
|
|
1 |
|
2 |
|
4 |
|
7 |
14 |
ХТ |
25 |
2 |
|
|
|
|
|
7 |
|
7 |
2 |
5 |
23 |
ИП |
31 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
8 |
5 |
7 |
23 |
ММГ |
16 |
|
|
|
|
1 |
|
1 |
|
|
2 |
7 |
11 |
ЮМ |
88 |
3 |
|
|
2 |
5 |
|
16 |
|
14 |
9 |
33 |
83 |
ЭФ |
115 |
4 |
|
|
3 |
3 |
|
3 |
8 |
15 |
8 |
36 |
80 |
ЕП |
51 |
|
|
|
|
|
|
1 |
1 |
10 |
11 |
12 |
35 |
СМ |
43 |
4 |
|
|
|
|
|
2 |
9 |
7 |
3 |
8 |
33 |
ПИК |
80 |
3 |
|
|
|
|
9 |
5 |
3 |
10 |
5 |
14 |
49 |
ФК |
83 |
10 |
3 |
2 |
4 |
22 |
|
3 |
2 |
11 |
|
13 |
70 |
ФИ |
77 |
1 |
|
|
|
2 |
|
4 |
1 |
21 |
8 |
30 |
67 |
ЖТ |
1 |
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
1 |
жалпы |
657 |
28 |
3 |
2 |
11 |
38 |
9 |
50 |
24 |
108 |
55 |
173 |
501 |
100% жеңілдік 12-тұл жетім, 3-университет сертификаты бойынша, 13-
халықаралық спорттық сайыстар(жалпы-28) жеңімпаздарына берілді.
90% жеңілдік 3- халықаралық спорттық сайыстар жеңімпаздарына, 80% жеңілдік 2- халықаралық спорттық сайыстар жеңімпаздарына, 70% жеңілдік 11-әлем және республикалық сайыстар жеңімпаздарына берілді.
50% жеңілдік 15-азаматтар қамқорлығындағы жетімдерге және 22-республикалық спорт сайыстарының жеңімпаздарына (жалпы-37) берілді.
40% жеңілдік 9-«Қаракөз» би ансамблінің мүшелері, халықаралық байқаулардың жүлдегеріне берілді.
30% жеңілдік 51-1-топтағы мүгедек студенттерге, ата-аналары 1-топ мүгедектеріне, республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына, спорттық сайыс жеңімпаздарына берілді.
25% жеңілдік 25-аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге, 20% жеңілдік 108 аз қамтылған отбасыдан шыққан студент, 2-топтағы мүгедек және ата-аналарының біреуі 2-топтағы мүгедек студенттерге берілді.
15% жеңілдік 55-аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге, 10% 173- 3 топтағы мүгедек студенттер немесе ата-аналары мүгедек студенттерге, отбасынан 2 бала ақылы негізде (ОҚМУ) оқитын студенттерге берілді.