«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ 

Миссиясы: ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие, болашақ жоғары білімді бакалаврлар, магистрлер және докторларды Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясы тұрғысынан Қазақстан Республикасының шынайы жаңашыл патриоттары етіп дамыту.

Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жобалық кеңсесі университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін университет бөлімшесі болып табылады. 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы

Жанысбекова Гульнар Амирбаевна

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

“Болашақ” стипендиясының иегері

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жобалық кеңсе:

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылайды;

-қоғамдық сананы жаңғырту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етеді;

-жоғары мектеп, факультеттермен, колледждермен, департаментпен, басқармалармен жұмыс жасайды. Өз жұмысында: Қазақстан Республикасы Тұңғыш – Елбасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, ​​Қазақстан Республикасынның Азаматтық кодексі, Жоғары білім беруді ұйымдастырудың типтік ережесі (17.05.2013ж.,№499), Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңы,  Қазақстан Республикасының Патент заңына, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға, ОҚМУ-нің ішкі еңбек тәртібіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің заңдық, экономикалық және ғылыми іс-әрекетінің әлеуметтік негіздеріне сүйене отырып, нарықтық қатынастар аясында университеттің ғылыми қызметінің рационалды және әлеуметтік негіздерін реттейді және жүзеге асыру мақсатында университеттің факультеттерімен, кафедраларымен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе әрекет етеді.

Негізгі міндеттері

-сапа саласындағы ОҚМУ Саясатын және Мақсаттарын жүзеге асыру;

 -сапа менеджменті талаптары мен сапа жүйесінің міндеттемелерін орындау;

-университеттегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

-Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің, ҚР БжҒМ қоғамдық сананы жаңғыртудың мәселелері бойынша (бағдарламалық мақалалар, оқу-әдістемелік және ақпараттық хаттар) талаптарын сақтау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау;

-интелектуалды ұлттың қалыптасуы, оның өкілдері контекстік интеллект (адамның білім алу қабілеті және оны өз игілігі мен қоғам үшін игере білуі), эмоционалды интеллект (адамның эмоцияларды тани білуі, өзгелердің ниеттері мен көңіл-күйін және пиғылын, практикалық мәселелерді шешу үшін басқа адамдар эмоциялары менөз эмоцияларын түсінуі), рухани және физикалық ақыл-ойды (адамның өз денсаулығын сақтау қабілеті), яғни, прагматикалық белсенді, бәсекеге қабілетті, ұлттық ерекшелікті сақтай білетін, білімге табынушы, санасы ашық және Қазақстанның эволюциялық дамуына лайық болуы керек;

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін университеттің оқытушы-профессорлар құрамының жобалық жұмыстарын ұйымдастыру және ғылыми қамтамасыз ету;

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша факультеттер, жоғары мектепке жауапты қоғамдық ұйымдастырушылардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

-университет оқытушы-профессорлар құрамының дайындаған жобаларды қоғамдық негізде қарау бойынша университеттің сараптамалық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

-университет спикерлерінің жұмысын медиакестенің қоғамдық негізінде ұйымдастыру;

 -университетте рухани жаңғыру жұмысы бойынша ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу;

-қоғамдық сананы модернизациялау мәселелері бойынша Шымкенттің, Түркістан облысының және республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;

- қоғамдық сананы жаңғырту бойынша аймақтық және республикалық кеңселермен ынтымақтастық;

            - Республиканың және қаланың ішкі саясат департаменттері және бөлімдерімен ынтымақтастық;

- университет қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамы, академиялық топ тәлімгерлері мен студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік оқыту семинарларын ұйымдастыру;

- республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық;

- факультеттер, жоғары мектептерді және басқа бөлімшелерді кеңсенің қажетті ақпараттарымен хабарландырып отыру;

- «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналын жариялауға дайындық, авторлармен, редакциялық алқа мүшелерімен және сарапшылармен жұмыс жасау. «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналын Қазақстан республикасы бойынша тарату жұмыстары.

Қызметтері

 -«Рухани жаңғыру» университеттегі жобалық кеңсесі студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор - оқытушылар құрамы мен техникалық персоналды рухани жаңғыртуды ұйымдастыру үшін жоғарғы мектеп, факультеттердің, институттардың, департаменттердің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру арқылы профессор-оқытушылар құрамының және техникалық персоналдың алты басым бағытында қоғамдық сананы жаңғырту;

-бүкіл оқу-тәрбие ісін тұтастай қамтыған қоғамдық сана-сезімін жаңғыртудың бірыңғай үдерісін қалыптастыру;

-оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау;

 -өздерінің және жалпыұлттың болашағын көруге дайын оқытушы-профессорлар құрамы және студенттердің жеке тұлғасын дамыту;

 -студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ техникалық персонал арасында наразылық көңіл-күйін болдырмаудың алдын алу;

-«Рухани жаңғыу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін университет жоспарына сәйкес жүргізілетін барлық іс-шараларды ұйымдастыру, басқару және талдау;

 -жоғарғы мектеп, факультеттерде, кафедраларда қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау және қадағалау;

 -жоғарғы мектеп, факультеттер, кафедралардағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырушы жауапты ұйымдастырушылардың жұмысын үйлестіру, бақылау, талдау;

 -жауапты ұйымдастырушылардың озық тәжірибесін зерделеу, жинау және тарату;

-қоғамдық сананы рухани жаңғырту мәселелері бойынша Шымкенттің және республиканың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;

-қоғамдық сананы жаңғырту бойынша аймақтық және республикалық кеңселермен ынтымақтастық;

            -Республиканың және қаланың ішкі саясат департаменттері және бөлімдерімен ынтымақтастық;

-оқытушылары мен қызметкерлер, академиялық топ студенттері мен кураторларға, ПОҚ арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік оқыту семинарларын ұйымдастыру;

-республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық;

-факультеттер, жоғарғы мектептерді және басқа бөлімшелерді кеңсенің қажетті ақпараттарымен  хабарландырып отыру.

Құқықтары

Қызметкерлердің құқы бар:

 -«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуде факультеттердің, кафедралардың және бөлімшелердің жұмысын үйлестіруге;

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда факультеттерде, жоғарғы мектептерде инспекциялық бақылауды жүргізу;

-университеттің жастар құрылымында тәрбиелеудің  ағымдағы жағдайына бақылау жасау және ұйымдастыру;

-жоғарғы мектеп, факультеттер, кафедралар, колледждердің, сараптамалық комиссия және спикерлерінің жаңғырту үдерісіне жауапты ұйымдастырушыларының жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

-Ғылыми Кеңестің, университет әкімшілігінің жұмысына қатысу, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту бойынша олардың шешімдерінің орындалуын қадағалау;

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспарын ұйымдастыру мен өткізуді, кафедра мен факультеттердің қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жыл сайынғы есептердің дайындауын қадағалау, бақылау жасау;

-оқу жылындағы университеттің қоғамдық сананы жаңғырту туралы есебін дайындауды қамтамасыз ету;

-университеттің студенттері, қызметкерлері мен оқытушылары арасында «Рухани жаңғыру» үрдісін ұйымдастыру және бақылау;

-университеттің басшылығы қойған міндеттерді функционалдық және лауазымдық тұрғыдан уақтылы және сапалы орындағаныүшін жобалық кеңсе қызметкерлері басшының ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен көтермеленуі мүмкін.

-қорлардың материалдарын, қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, буклеттерді, каталогтарды, мұражай экспозициялары мен көрмелерінің проспектілерін жариялау;

-студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен профессор- оқытушылардың қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жасаған университеттік жобаларын жүзеге асыруға қатысу;

-университет қызметкерлерінің тарапынан өз функцияларын орындау үшін қажетті қолдауға ие болу.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.