М.Әуезов атындағы ОҚМУ қарамағының Далянь шет тілдері университетінде «Қазақстанды зерттеу орталығы»
М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары «Қазақстанды зерттеу орталығы» аясында Далянь шет тілдері университетінде дәріс өткізді (ҚХР, Далянь қ.).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қытай елінің ЖОО-мен әріптестік қатынастарды орнату және дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ынтымақтастық аясында білім алушылар мен оқытушылар алмасу саласы бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді атқарылуда. Сонымен қатар, білім беру және мәдениет салалары бойынша бірлескен жобалар мен білім беру бағдарламалары өңделуде. 2016 жылы қаңтар айының 8-ші жұлдызында Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Далянь шет тілдер университетінде (ДШТУ, Далянь қаласы, ҚХР Ляонин провинциясының солтүстік шығысы) «Қазақстанды зерттеу орталығы» ашылды. Ынтымақтастық туралы келісім негізінде, 2016ж. 24-29 қараша аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дан 3 оқытушы ғылыми тағылымдамадан өту үшін Далянь шет тілдері университетіне жолданды, тағылымдама барысында, университет құрылымымен танысумен қатар, шетелдік серіктестің тәжірбиесі бойынша коммуникацияны құру, оқыту әдістері мен технологиясын зерделеу бойынша әріптестерімен кездесулер өткізді. Қазақстанды зерттеу орталығының қызметі шеңберінде, Қазақстанның қалыптасуы мен қазіргі заманғы өмір сүру тарихы жөнінде ақпараттандыру және М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушыларымен тәжірибе алмасу мақсатында ДШТУ білім алушылары мен оқытушыларына дәрістер мен семинарлар өткізілді. Сондай-ақ іс сапар барысында оқытушылар, қазіргі таңда Далянь шет тілдері университетінде магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша білім алып жатқан Қазақстан студенттерімен кездесті.
Еске сала кетейік, Далянь шет тілдері университеті қарамағындағы «Қазақстанды зерттеу орталығы» Шанхай шет тілдері университеті қарамағында (2015 жылғы 16 қарашада ашылды) және Бейжің шет тілдері университетінде (2015 жылғы 13 желтоқсан) ашылған «Қазақстанның орталықтары» ішінде үшінші орталық болып табылады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Қытай елінің ЖОО-мен әріптестік қатынастарды қалыптастырып дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Ынтымақтастық саласында білім алушылар мен оқытушылар алмасу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, білім беру және мәдениет салалары бойынша бірлесе отырып жобалар мен білім беру бағдарламаларын даярлауда. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Далянь шет тілдер университеті арасында жасалған ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт негізінде 2016 жылдың 8 қаңтарында ҚХР-дағы ҚР Елшілігі қолдауымен Далянь шет тілдер университетінде (ДШТУ, Далянь қаласы, ҚХР Ляонин провинциясының солтүстік шығысы) «Қазақстанды зерттеу орталығы» ашылды. Орталықтың ресми жұмысына бастаманы ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нурышев, ОҚМУ-дың ректоры Жұмахан Мырхалықов және ДШТУ-дың ректоры Лю Хун жасады. |
«Бұл біздің еліміз үшін Қытайда , қазақ тілі мен мәдениетіне, төзімділіктің қазақстандық моделіне және экономикалық дамуына өсіп келе жатқан қызығушылық дәлелі болып табылады деп ойлаймын (...). «Қазақстанды зерттеу орталығы» екі мемлекеттің достығын және олардың халықтары арасындағы тату көршілікті, сонымен қатар әріптестікті нығайту үшін маңызды алаң болып табылатынына сенімдімін. Орталыққа қазақ тілін, мәдениетін және Қазақстанның тарихын насихаттауға сондай - ақ маңызды ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды айқындауға, зерттеуге табысты жұмыс тілеймін. Болашақта, оның негізінде университеттердің екі жақты тырысуымен «Қазақ тіл» мінбесі ашылады деген үміттемін – деді өз сөзінде Ш. Нұрышев |
«Далянь шет тілдер университетіне алғашқы сапарымда, мәдениаралық қарым қатынастың дамуындағы екі елдің қызығушылығын, талпынысын және әлеуетін байқадым. Біздің ЖОО-да бұл тек ынтымақтастық ғана емес, жанжақты байланысты орнатудағы жаңа мүмкіндіктерді ашудағы стратегиялық қадам болып табылады. (...), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім саласындағы бірлескен өзара ынтымақтастықты біріктіру және кооперацияны дамыту мен нығайтуына ЖОО-ның жасалған бастамасы мен ұмтылуына қолдау көрсетуін және де бүгінгі таңда ЖОО аралық әріптестікті дамыту бағытына орасан зор мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.Біріккен күш-жігермен құрылған Қазақстанды зерттеу орталығы қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін танып білгісі келетін ізденушілер үшін жол ашады деп үміттенеміз. Себебі Қазақстан – бұл Ұлы Дала елі, бесігі және көпэтносты ұлттардың мекені болып табылады.Қорытындылай келе рухани тұрғыдан жақын университеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңін бастайтынына және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикаларының мәдениеттерін жақындастыру, қазақ-қытай қатынастарын нығайту және дамыту барысындағы жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім артамын, – деді өз сөзінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Ж.Ү.Мырхалықов. |
Орталық – қазақ тілін, қазақ әдебиетін және өнерін үйренуге ниет білдірушілерге әрдайым есігін ашады. Сонымен қатар білім алушыларға, оқытушыларға Қазақстан елінің қазіргі заман өмірі мен қалыптасу тарихы туралы ақпарат бере отырып, Қазақстан және Қытай білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. |
Орталықтың мақсаты және басты қағидаттары:
- Оқытуды дамыту және Қазақстанның тілі мен мәдениетін зерттеу;
- Қазақ тілін зерттеу және қазақ әдебиетінің туындыларымен және өнерімен танысу;
- Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін және тарихын зерттеу:
- Білім, ғылым және мәдениет саласы бойынша екі елдің ұйымдар арасындағы алмасуын және ынтымақтастығын алға жылжыту;
- Қазақстанның осы заманғы өмірі және тарихы туралы «ДШТУ» оқытушыларына, аспиранттарына және студенттеріне ақпарат беру;
- Қазақстан мен Қытай азаматтары мен ұйымдарының арасындағы білім, ғылым және мәдениет байланыстарын нығайту;