6B05211 Экология және табиғатты пайдалану
Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін «Экология» кафедрасының т.ғ.к., профессоры Шингисбаева Жадра Атирханкызы ҚР ғылым және жоғарғы білім министрлігінің құрмет грамотасымен, т.ғ.к., доцент Кенжәлиева Гүлмира Дүйсенбайқызы алғыс хатпен марапатталды.
Кафедра профессоры Ғ.М. Ізтілеуов ғылыми топтың құрамында әлемдік жаңалық ашты-олар химиялық әдістермен ең берік металдардың бірі-титанды ыдыратты.Титанның әртүрлі бөліктерінің температурасы-сұранысқа ие титан қосылыстарын алу үшін өнеркәсіптік қалдықтар. Жұмыс авторлары медальдармен және дипломдармен марапатталды
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебінің "Экология" кафедрасының т.ғ.к., доценті Кенжалиева Гулмира Дуйсенбайқызы және т.ғ.к., доценті Бектуреева Гульжан Устемировна Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасының доценттері Базарбаева Тұрсынкуль Амангелдиевна және Мұқанова Гулжанат Амангелдіқызы жетекшіліктерімен "Экология және тұрақты даму" пәні бойынша жоспарға сай біліктілігін жоғарылатуда.
-
«Жасыл техология - Тірі өсімдіктерден электр энергиясын алу жолдары» Экология кафедрасы ХТ-18-4к2 тобының студенті Алсеит Аида дайындаған жоба, Экология кафедрасының докторанты Сыздыкова Маржан.
-
«Eco-беседка» Экология кафедрасы ХТ-19-4а тобының студенті Жолдас Ерасыл дайындаған жоба, жетекшісі Джакипбекова Н. О.
-
таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері:- өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;- ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;- студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
«Экология» кафедрасының профессоры Кенжибаева Гульмира Советовна Орталық Ланкашир университетінде (Ұлыбритания) 2021 жылдың 1 наурызы мен 2022 жылдың 25 мамыры аралығында ҚР Президентінің стипендиясының «Болашақ» бағдарламасына сәйкес өткен ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті. Тағылымдама Менеджмент-87 Т «Білім және ғылымдағы менеджмент (жоғары оқу орнындағы стратегиялық менеджмент және көшбасшылық. Университет менеджменті)» мамандықтар тізбесі бойынша өтті.
ХТ -21-4тр тобының студенті Шыңғысқан Жанел осы оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша, университеттің академиялық ұтқырлық және Болон процессі орталығының көмегімен, "6В05210-Экология" БББ бойынша Польшада білім алуда. Оқу елдегі ең үздік ЖОО-да Лодзь университетінде өтуде. Бұл мамандық бойынша ғана емес, ағылшын тілін дамытуға жақсы мүмкіндік береді.