Әскери кафедра (6)
Мекен-жай: Шымкент қ.,Рысқұлбеков көшесі 3б.
Тел: 35-44-13
Фак: 35-40-63
e-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
II, III және IV кезеңінстуденттерді әскери кафедраға қабылдау ҚР ҚМ іріктеу комиссиясымен жүргізіледі.
Іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен анықталады.
Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткен бітіруші түлектерге запастағы «ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағы,запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткен бітіруші түлектерге запастағы «КІШІ СЕРЖАНТ» әскери атағы беріледі.
Басшылық туралы мәлімет
Әскери кафедра бастығы полковник Кенжебаев Жакып Амангельдиевич |
|
Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Еримбетов Темирбек Амангельдиевич |
|
Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник Урустамбеков Абдихан Амирханович |
Әскери есептік мамандықтар
- Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану
Мақсаты:ҚР ҚК қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
- қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстарда радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауды ұйымдастырудағы РХБ әскерлерінің алар орнын, жалпыәскери ұрыс негіздерін және РХБ құралымдарының жалпы әскери ұрыстарда қолданылуын;
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құрылымдарының арналуын, ұйымдық құрылымын, мүмкіншіліктерін және РХБ қорғау құралымдарының ұрыс қимылдарының негізін;
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауды, әскерлерді арнайы өңдеуді және жергілікті жер учаскелерін, жолдарды, құрылыстарды залалсыздандыруды;
- РХБ қорғау құралымдарының әр-түрлі ұрыс түрлеріндегі қимылдарына жан-жақты қамтамасыз етілуін және құралымдарды басқаруды ұйымдастыруды.
Істейалуықажет:
- кез-келген ұрыс жағдайында взводты басқаруды;
- радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай туралы деректер мен ақпараттарды жинауды,өңдеуді, бағалауды;
- жұмыс картасын жүргізуді және соғысқа қажетті құжаттарды құрастыруды;
- РХБ қорғау құрамдарының жоғары әскери дайындықта болуын қамтамасыз етуді;
- арнайы және арнайы тактикалық дайындық бойынша сабақ өткеруді.
- От шашу және түтін шығару бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану
Мақсаты: ҚР ҚК қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет :
- химиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруда РХБ қорғану әскерлерінің алар орны;
- ұрыстың негізгі түрлерінде радиациялық, химиялық қоғану құрылымдарымен, арнай өңдеу құрылымдарымен соғыс техникалары мен қару-жарақтарды, жол мен жер беткейлерін, киім-кешек пен жасақтарды арнайы өңдеуден өткеруді ұйымдастыруды және құрылымдардың мүмкіндіктерін;
- қол астындағы әскери құрылымдарды басқаруды ұйымдастыру, және іс-әрекеттерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Істейалуықажет:
- кез-келген ұрыс жағдайында взводты басқаруды;
- химиялық және радиациялық жағдайды бағалауды;
- жұмыс картасын жүргізу және қажетті ұрыстық іс-қағаздарды құрастыруды;
- навигациялық құрал-жабдықтарды пайдалануды;
- взводпен арнайы тактикалық дайындық сабағын өткізу.
- Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қару-жарағы мен құралдарын, экологиялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу
Мақсаты: Химиялық және радиациялық барлауда өз қол астындағыларын басқара білетін қазіргі замандағы әскерлерді химиялық қамтамасыз ететін, РХБҚ әскерінің запастағы офицерді дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қару-жарақтарын пайдалануды ұйымдастыру ережелерін;
- қару-жарақ және радиациалық , химиялық, биологиялық қорғау жабдықтарын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру.
- радиациялық, химиялық және биологиялық барлау және бақылау негіздері;
- радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай туралы деректер мен ақпаратты жинау және өңдеу;
- радиациялық, химиялық және биологиялық ластану туралы әскерлерді хабардар ету тәртібі;
- радиациялық, химиялық және биологиялық бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын басқаруды және кешенді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Істейалуықажет:
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қару-жарақтарынжөндеуді ұйымдастыру ережелерін ;
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қару-жарақтардың жөндеуін іске асыру ;
- радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау құралдары мен қару-жарақтарды жөндеу және пайдалану бойынша сабақ өткізу.
- жұмыс картасын жүргізу және қажетті ұрыстық іс-қағаздарды құрастыруды;
- навигациялық құрал-жабдықтарды пайдалануды;
- взводпен арнайы тактикалық дайындық сабағын өткізу.
- Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану.
Мақсаты: ҚР ҚК қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
- қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздерін:
- мотоатқыштар құрамдарының ұйымдық құрылысын, ұрыстағы мүмкіншіліктерін;
- шетел армиясының ұйымдық құрамын, қарулануын және іс-әрекет тактикаларын;
- ЖҚЖҚ қорғанунегіздерін;
- әскерлерді жасырын басқарудың мәні мен мағынасын;
- тактикалық, тактикалық-саптық, нұсқау-әдістемелік сабақтарының әдістері мен ұйымдастырылуын, атыс негіздерін.
Істей алуы қажет:
- мотоатқыштар взводының, ротасының ұрыс әрекеттерін ұйымдастыруды және оларды басқаруды;
- сеніп тапсырылған қару- жарақ пен ұрыс техникасының мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануды;
- ұрысқа қажетт іжауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;
- роталық желідегі әр түрлі радиостанциялар мен жұмыс істеуді;
- құрамдардың жоғары жауынгерлік дайындықта болуын қаматамасыз етуді;
- жеке құрамның жауынгерлік дайындығы бойынша сабақ жүргізуді істей алуы қажет.
- Танк бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану.
Мақсаты: Әскери техниканың жаңа жетістіктерін және техниканы осы заманның жалпыәскери ұрысында қолданудың теориясы мен практикасы негізі бойынша қажетті әскери білімін меңгерген, сонымен қатар берік командирлік жігері бар, жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында өз еркімен ойлау қабілеті мен қисынды ынта білдіре алатын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерді жауынгерлік қолдану ережелерінің теориялық қағидаларын саналы және шығармашылық түрде қолдануға қабілетті, ұрыс барысында взводты сенімді басқара алатын, жауынгерлік, техникалық, тылдық және моральдық-психологиялық қамтамасыз ете алатын, бөлімшемен практикалық сабақты өткізу және ұйымдастыру әдістемесін білетін мотоатқыштар әскерінің запастағы офицерін дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
- Тактика пәнінің мақсаттары мен міндеттерін, негізгі тактикалық ұғымдар, терминдер мен анықтамаларды;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, құрылымы, міндеттері және даму перспективалары, Қарулы Күштер түрлерінің және әскер тектерінің рөлі мен мақсаты;
- Қазіргі уақыттағы соғыс сипатын, онда қолданылатын қарулы күрестің құралдарын;
- жаппай жою қаруының зақымдау факторлары мен олардан қорғану амалдарын;
- осы заманның жалпыәскери ұрыс негізін және оның негізгі түрлерін;
- шетел армиясының мотожаяу әскер (жаяу әскер) батальонының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мотоатқыштар батальонының ұйымдастырылуын, қарулануы мен әскери техникасын, взводтың қару-жарағы мен әскери техникасының тактикалық-техникалық сипаттамасын;
- позицияларды инженерлік жабдықтау және бүркемелеу тәртібін;
- ұрыс барысында сарбаздың орны мен міндеттері, қорғаныс және шабуылда сарбаздың әрекет ету тәртібі;
- бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің жалпы ережелерін;
- ұрыста бөлімшені басқарудың амалдары мен құралдарын;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және шетел армиясы бөлімшелерінің әрекет тактикасын;
- мотоатқыштар бөлімшесі мен взводының жауынгерлік мүмкіншіліктерін;
- жауынгерлік, техникалық, тылдық және моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін;
- бөлімшемен практикалық сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесін.
Істей алуы қажет:
- Қарсылас атысынан қорғану үшін жергілікті жер мен жергілікті заттарды қолдану және оны бақылап отыру, таса жерді, қозғалыс жолдары мен ұрыс алаңында қозғалу амалдарын таңдауды;
- бөлімше, взвод ұрысын ұйымдастыруды және ұрыста бөлімшелерді басқаруды;
- жауынгерлік графикалық құжаттарды әзірлеуді және жүргізуді;
- жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын практикалық қолдануды;
- жауынгерлік қамтамасыз етуді;
тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындауды;
- бөлімшемен практикалық сабақтарды өткізуді;
Дағдыларды пысықтау: мотоатқыштар взводымен жалпы әскери ұрыстың негізгі түрлерін ұйымдастыруда, басқару, қамтамасыз ету және өзара әрекет ету мәселелерін шешкенде;
- мотоатқыштар бөлімшесінің, взводтың қорғаныс пен шабуылда жауынгерлік мүмкіншіліктеріне есеп жасағанда;
- ұрыста взводты және атысты басқаруда;
- мотоатқыштар взводымен тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақты ұйымдастыру мен өткізуде.
6.Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру.
Мақсаты: Қарулы Күштердің жауынгерлік әрекетін қамтамасыз ететін РХБҚәскерлерінің запастағы офицерін дайындау, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау.
Оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
- Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелерді,экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау тәртіптерін ұйымдастыру.
Істейалуықажет:
- Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыруда, экологиялық қауіпсіздікпен қоршаған ортаны қорғауда бақылау жүргізу.
- Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Мақсаты:
- студенттердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізу туралы қажетті білімге ие болуы, оның маңызы мен мәні, бөлімдер мен бөлімшелерде тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі туралы әскери ұжымдар мен жеке құрам қызметінің барлық салаларында моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету процестеріне талдау жүргізу әдістемесін білуі;
- болашақ запастағы офицердің психологиялық- педагогикалық біліммен қарулануы, әскерлерді оқыту мен тәрбиелеу кезінде алған білімдерін пайдалана білуі;
- моральдік- психологиялық дайындықтың мақсаты мен мәні туралы, әскери қызметшілердің жеке және жалпы санасына тәрбиелік әсер етудің механизмдері туралы толық түсінік қалыптастыру;
- бөлімшелерде негізгі тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып, жүргізу дағдыларын, рота (батарея) белсенділерінің жұмыстарын ұйымдастыру, оқыту, білікті мамандар мен ұрыс жаттығуларының үздіктерінің мол тәжірибелерін жинақтап, студенттерге үйрету.
Курсты оқып-үйрену нәтижесінде:
- бөлімшелерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
- бөлімшенің моральдік-психологиялық жағдайларын қатайтудың негізгі формалары мен әдістерін және әскери тәртіптің сақталуын;
- бөлімшенің жеке құрамымен бірге мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтарды жүргізу әдістемесін білуі тиіс.
- бөлімшенің жеке құрамымен бірге олардың психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін есепке алып, әскери қызметшілердің білім деңгейлерімен санаса отырып, Қазақстан Республикасы Заңдарын және әскери парыз бен әскери антқа адалдық туралы тәрбие жұмыстарын іске асыруды;
- бөлімшенің әскери қызметшілері арасында жедел ақпараттандыру және жалпы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді;
- бөлімшенің жеке құрамын қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жұмылдыру жұмыстарын жасай білуі қажет.
- Атқыштық
Мақсаты: Қазіргі жалпы әскери ұрыста атқыштар бөлімшелерін қолданудың теориясы мен практикасының негіздері бойынша іргелі әскери білімі бар, әскери ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін білетін, тактиканың теориялық ережелерін саналы, шығармашылықпен қолдана алатын, ұрыста бөлімшені сенімді басқаруға қабілетті, тәжірибеге, барлық жаңа, озық, ұйымдастырушылық қабілеттерге, мықты командирлік ерік-жігерге ие Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы сержанттарын дайындау, сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі ауыртпалығын қабылдауға, әскери борышын, жарғылық талаптары мен бұйрықтарын орындауда оларға үлгі болуға дайын болу.
Пәнді оқу міндеттері:
- білім алушыларға қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыстың негіздері және оның түрлері туралы білім беру;
- жауынгерлік міндеттердің мазмұны мен мәнін, жауынгерлік мүмкіндіктерді және әр түрлі жауынгерлік іс-қимыл түрлерін дегі атқыштар бөлімшелерінің іс-қимыл тактикасын түсінуге қол жеткізу;
- ұрысты ұйымдастыруда командирлік дағдыларды қалыптастыру;
- өздігінен білім алу қажеттілігін, жауынгерлік жағдайдың әртүрлі жағдайларында жағдайды өз бетінше талдау және бағалау қабілетін дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриотын, егемендігінің қорғаушысын тәрбиелеуге міндетті.
«Тактикалық дайындық»пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушыларда келесі жалпы және әскери-кәсіби құзыреттер қалыптасады:
- әртүрлі жауынгерлік іс-қимыл түрлеріндегі атқыштар бөлімшелерінің іс-қимыл тактикасында қалыптасқан жоғары білім деңгейі;
- бөлімшенің жауынгерлік міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктерінің мәні мен мазмұнын түсіну;
- әртүрлі жағдайлардағы жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру және жүргізу қабілеті.
- Радяциялық және химиялық барлау мен дозиметрлік барлау құралдары.
Мақсаты: « Радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдары» әскери-есептік мамандығы бойынша түлектер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (әрі қарай –ҚР ҚК РХБҚ)бөлімшелеріндегі радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдарынпайдалану және жөндеубөлімшесінің командирі лауазымында қызмет етуге арналған.
Істей алуы қажет:
Күнделікті қызметте, бөлімшені радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдарын пайдалану және жөндеужүргізуге дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлікдаярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
3.Пулеметтік
Мақсаты: Қазіргі жалпы әскери ұрыста пулемет бөлімшелерін қолданудың теориясы мен практикасының негіздері бойынша іргелі әскери білімі бар, әскери ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін білетін, тактиканың теориялық ережелерін саналы, шығармашылықпен қолдана алатын, ұрыста бөлімшені сенімді басқаруға қабілетті, тәжірибеге, барлық жаңа, озық, ұйымдастырушылық қабілеттерге, мықты командирлік ерік-жігерге ие Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы сержанттарын дайындау, сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі ауыртпалығын қабылдауға, әскери борышын, жарғылық талаптары мен бұйрықтарын орындауда оларға үлгі болуға дайын болу.
Пәнді оқу міндеттері:
- білім алушыларға қазірг ізаманғы жалпыәскери ұрыстың негіздері және оның түрлері туралы білім беру;
- жауынгерлік міндеттердің мазмұны мен мәнін, жауынгерлік мүмкіндіктерді және әр түрлі жауынгерлік іс-қимыл түрлеріндегі пулемет бөлімшелерінің іс-қимыл тактикасын түсінуге қол жеткізу;
- ұрысты ұйымдастыруда командирлік дағдыларды қалыптастыру;
- өздігінен білім алу қажеттілігін, жауынгерлік жағдайдың әртүрлі жағдайларында жағдайды өз бетінше талдау және бағалау қабілетін дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриотын, егемендігінің қорғаушысын тәрбиелеуге міндетті.
«Тактикалық дайындық»пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушыларда келесі жалпы және әскери-кәсіби құзыреттер қалыптасады:
1) әр түрлі ұрыс түрлері мен жорық күзетінде пулемет бөлімшесімен күшейтілген мотоатқыштар взводының тактикалық әрекеттерінде қалыптасқан жоғары білім деңгейі;
2) бөлімшенің жауынгерлік міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктерінің мәні мен мазмұнын түсіну;
3) әр түрлі жағдайда ұрыс қимылдарын ұйымдастыру және жүргізу қабілеті.
4.Граната атқыштық (танкіге қарсы қол граната атқыштық)
Мақсаты: Қазіргі жалпы әскери ұрыста гранатомет бөлімшелерін қолданудың теориясы мен практикасының негіздері бойынша іргелі әскери білімі бар, әскери ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін білетін, тактиканың теориялық ережелерін саналы, шығармашылықпен қолдана алатын, ұрыста бөлімшені сенімді басқаруға қабілетті, тәжірибеге, барлық жаңа, озық, ұйымдастырушылық қабілеттерге, мықты командирлік ерік-жігерге ие Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы сержанттарын дайындау, сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі ауыртпалығын қабылдауға, әскери борышын, жарғылық талаптары мен бұйрықтарын орындауда оларға үлгі болуға дайын болу.
Пәнді оқу міндеттері:
- білімалушыларғақазіргізаманғыжалпыәскериұрыстыңнегіздеріжәнеоныңтүрлерітуралыбілім беру;
- жауынгерлікміндеттердіңмазмұны мен мәнін, жауынгерлікмүмкіндіктердіжәнеәртүрліжауынгерлікіс-қимылтүрлеріндегігранатометбөлімшелерініңіс-қимылтактикасынтүсінугеқолжеткізу;
- ұрыстыұйымдастырудакомандирлікдағдылардықалыптастыру;
- өздігіненбілімалуқажеттілігін, жауынгерлік жағдайдың әртүрлі жағдайларындажағдайдыөзбетіншеталдаужәнебағалауқабілетіндамыту;
- ҚазақстанРеспубликасыныңпатриотын, егемендігініңқорғаушысынтәрбиелеугеміндетті.
«Тактикалық дайындық»пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушыларда келесі жалпы және әскери-кәсіби құзыреттер қалыптасады:
- әр түрлі жауынгерлік іс-қимыл түрлеріндегі гранатомет бөлімшелерінің іс-қимыл тактикасында қалыптасқан жоғары білім деңгейі;
- бөлімшенің жауынгерлік міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктерінің мәні мен мазмұнын түсіну;
- әр түрлі жағдайлардағы жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру және жүргізу қабілеті.
5. Отшашар – өртеу құралдары
Мақсаты:
- бөлімше құрамында от шашарлық-өртегіш құралдарды қолдану;
- от шашарлық-өртегіш құралдарына техникалық күтім көрсету және пайдалану, жауынгерлік қолдануға дайындығы бойынша іс-шараларды орындау;
- от шашарлық-өртегіш құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының негізгі талаптарын орындауды бақылау;
- күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру.
Істей алуы қажет:
- күнделікті қызметте, отшашарлық-өртегіш құралдарды қолдануға дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
- бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
- бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
- Радияциялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау
Мақсаты:
- бөлімше құрамында жылжу маршруттары мен әскерлер орналасқан ауданға радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау жүргізу;
- радиоактивті залалданған аймақтан шыққан қару-жарақ пен әскери техниканың залалдану деңгейіне бақылау жүргізу, арнайы өңдеу жүргізуге дейінгі және жүргізгеннен кейінгі жай күйін бағалау;
- радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдарына техникалық күтім көрсету және пайдалану, жауынгерлік қолдануға дайындығы бойынша іс-шараларды орындау;
- дозиметрлік құралдардың көмегімен қару-жарақ пен әскери техниканың залалданған радиация деңгейін өлшеуді жүргізу;
- радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының негізгі талаптарын орындауды бақылау;
- күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру.
Істей алуы қажет:
- күнделікті қызметте, бөлімшені радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау жүргізуге дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
- бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
- бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
- Жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдары
Мақсаты:
- бөлімше құрамында жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдарынарнайы өңдеу;
- радиоактивті залалданған аймақтан шыққан жабдықтар мен жабдық-тұрмандардың залалдану деңгейіне бақылау жүргізу, арнайы өңдеу жүргізуге дейінгі және жүргізгеннен кейінгі жай күйін бағалау;
- жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдарына техникалық күтім көрсету және пайдалану, жауынгерлік қолдануға дайындығы бойынша іс-шараларды орындау;
- дозиметрлік құралдардың көмегімен жабдықтар мен жабдық-тұрмандардың залалданған радиация деңгейін өлшеуді жүргізу;
- жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының негізгі талаптарын орындауды бақылау;
- күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру.
Істей алуы қажет:
- күнделікті қызметте, бөлімшені жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдарын арнайы өңдеу жүргізуге дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
- бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
- бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
- Сұйықтықпен арнайы өңдеу құралдары
Мақсаты:
- бөлімше құрамында қару-жарақ пен әскери техниканы сұйықтықпен арнайы өңдеу;
- радиоактивті залалданған аймақтан шыққан қару-жарақ пен әскери техниканың залалдану деңгейіне бақылау жүргізу, сұйықтықпен арнайы өңдеу жүргізуге дейінгі және жүргізгеннен кейінгі жай күйін бағалау;
- сұйықтықпен арнайы өңдеу құралдарына техникалық күтім көрсету және пайдалану, жауынгерлік қолдануға дайындығы бойынша іс-шараларды орындау;
- дозиметрлік құралдардың көмегімен қару-жарақ пен әскери техниканың залалданған радиация деңгейін өлшеуді жүргізу;
- сұйықтықпен арнайы өңдеу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының негізгі талаптарын орындауды бақылау;
- күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру.
Істей алуы қажет:
- күнделікті қызметте, бөлімшені сұйықтықпен арнайы өңдеу жүргізуге дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
- бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
- бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
- Химиялық техника мен мүлік
Мақсаты:
- бөлімше құрамында химиялық техника және мүлікті пайдалану және жөндеуді жүргізу;
- химиялық техника және мүлік техникалық күтім көрсету және пайдалану, жауынгерлік қолдануға дайындығы бойыншаіс-шараларды орындау;
- химиялық техника және мүлікті пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларының негізгі талаптарын орындауды бақылау;
- күнделікті қызметте бөлімшенің жеке құрамымен жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру.
Істей алуы қажет:
- күнделікті қызметте, бөлімшені химиялық техника мен мүлікті пайдалану және жөндеу жүргізуге дайындауда және жауынгерлік іс-қимыл жасауда жеке құрамды басқару;
- бөлімшенің жеке құрамын күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында оқыту;
- бөлімше жеке құрамымен күнделікті қызметте және жауынгерлік даярлық барысында тәрбие жұмысын жүргізу.
- Радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдары
Мақсаты:
БМП-ны орнату, жауынгерлік әзірлікте ұстау, пайдалану, оған қызмет көрсету және жөндеу мәселелерінде құзыретті запастағы сержантты даярлау;
әскерлердің жауынгерлік қызметінің әртүрлі жағдайларында және бейбіт уақытта взвод машиналарын қамтамасыз етуді, пайдалануды, оларға қызмет көрсетуді, ұстауды, сақтауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру; бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру кезеңінде техникалық дайындық бойынша сабақтарды дұрыс ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік беретін әдістемелік дағдылары бар сержант даярлау.
Оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
ЖЖМ (БМП) жалпы құрылысы және пайдалану негіздері, ЖЖМ тораптары мен агрегаттарының мақсаты және орналасуын;
броньды танк техникасын пайдалану тәртібін регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелерін;
ЖЖМ пайдалану және сақтау негіздерін;
ЖЖМ негізгі тораптары мен агрегаттарының құрылысы және жұмыс істеу принципі, олардың түрлері, жөндеу әдістері мен тәсілдерін;
техникалық дайындық бойынша нормативтерді орындау және қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібін;
білу керек:
машинада орналасқан есіктер мен люктерді пайдалануды;
орындықтарды ңжағдайын реттеу және бақылау аспаптарын пайдалануды;
ЖЖМ техникалық қызмет көрсету бойынша негізгі операцияларды орындауды;
ЖЖМ зерделенген қару-жарағына қызмет көрсетуді жүргізуді;
ЖЖМ негізгі тораптары мен агрегаттарын ауыстыру бойынша операцияларды орындауды;
қару-жарақ пен техниканың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізуді;
дағдыларын әзірлеу:
танк сөйлесу құрылғысын пайдалануда.
ЖЖМ техникалық қызмет көрсету және ЖЖМ қару-жарағының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі негізгі жұмыстарды орындауда;
стационарлық және далалық жағдайларда ЖЖМ негізгі тораптары мен агрегаттарын ауыстыруда;
ЖЖМ қару-жарағына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізу, сақтауға қою және сақтаудан алып тастауда.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша
1 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану |
2 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қару-жарағы мен құралдарын, экологиялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу |
3 |
От шашу және түтін шығару бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану |
4 |
Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану |
5 |
Танк бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану |
6 |
Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру |
7 |
Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру |
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша
1 |
Атқыштық
|
2 |
Пулеметтік
|
3 |
Гранататқыштық (танкке қарсы қол гранатаатқыштық)
|
4 |
Жаяу әскерлер жауынгерлік машиналары
|
5 |
Отшашар-өртеу құралдары
|
6 |
Радиациялық және химиялық барлау және дозиметрлік бақылау
|
7 |
Жабдықтар мен жабдық-тұрмандарды зарарсыздандыру құралдары
|
8 |
Сұйықтықпен арнайы өңдеу құралдары
|
9 |
Химиялық техника мен мүлік
|
10 |
Радиациялық және химиялық барлау мен дозиметрлік бақылау құралдары
|
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ КӨК ТУЛАР КӨТЕРІЛДІ, ӘНҰРАН АЙТЫЛДЫ
31
ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
43
БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕТІН МЕРЕКЕ
197
ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ
328